|
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 11 қаңтардағы № 6 «Үлгілік қауіпсіздік паспортын бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 12 желтоқсандағы № 293 бұйрығы
«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 43) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. «Үлгілік қауіпсіздік паспортын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 11 қаңтардағы № 6 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін: бұйрықтың тақырыбы мына редакцияда жазылсын: «Қауіпсіздік паспортын әзірлеу бойынша әдістемелік ұсынымдар»; 1-тармақ мына редакцияда жазылсын: «1. Қауіпсіздік паспортын әзірлеу бойынша қоса беріліп отырған әдістемелік ұсынымдар бекітілсін.»: Көрсетілген бұйрықпен бекітілген үлгілік қауіпсіздік паспорты осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын. 2. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың Төтенше жағдайлар департаменттері: облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың Қауіпсіздік паспорттарын әзірлеуді және бекітуді; Төтенше жағдайлар басқармалары мен бөлімдері әзірлейтін аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың қауіпсіздік паспорттарын бекітуді қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық оған қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 12 желтоқсандағы № 293 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 11 қаңтардағы № 6 бұйрығымен бекітілген
Қауіпсіздік паспортын әзірлеу бойынша әдістемелік ұсынымдар
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|