Осы редакция 2019 жылғы 25 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019.17.04. № 225 бұйрығымен 6-қосымшамен толықтырылды Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму Министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 521 бұйрығына 6-қосымша
«Пайдалы қатты қазбаларды қайта өңдеу туралы келісімді жасасу» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты
1. «Пайдалы қатты қазбаларды қайта өңдеу туралы келісімді жасасу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі-мемлекеттік көрсетілетін қызмет). 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі әзірлеген. 3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі (бұдан әрі-көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі: 1) құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған күннен бастап - күнтізбелік 30 (отыз) күн; 2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты-15 (он бес) минут; 3) қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты-15 (он бес) минут. 5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде. 6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - келіссөздерді бастау күні туралы хабарлама не осы стандарттың 10-тармағымен көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде. 7. Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|