Осы редакция 2019 жылғы 7 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2016.23.02. № 212 бұйрығымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 тамыздағы № 880 бұйрығына 1-қосымша
«Өлшем құралдарының типін бекіту туралы сертификат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Өлшем құралдарының типін бекіту туралы сертификат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің өтінішін қабылдау: 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі; 2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғам (бұдан әрi - Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру: 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі; 2) www.egov.kz «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі - портал); 3) Мемлекеттік корпорация арқылы жүзеге асырылады. 2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны - электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде. 3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - өлшем құралдарының типін бекіту туралы сертификат немесе оның телнұсқасы. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық. Қағаз тасығышта мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алу үшін жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық нысанда ресімделеді, басып шығарылады және көрсетілетін қызметті беруші басшысының мөрімен және қолымен расталады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|