Нормативтік құқықтық актілерді ресiмдеу, келісу, мемлекеттік тіркеу және олардың күшін жою қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 6 қазандағы № 568 Қаулысы (2018.24.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2018 жылғы 4 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 44-бабының 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қоса берiлiп отырған Нормативтік құқықтық актілерді ресiмдеу, келісу, мемлекеттік тіркеу және олардың күшін жою қағидалары бекiтiлсiн. 2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 6 қазандағы № 568 қаулысымен бекітілген
Нормативтiк құқықтық актiлердi ресімдеу, келісу, қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
ҚР Үкіметінің 2018.07.03. № 113 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 1. Осы Нормативтiк құқықтық актiлердi ресімдеу, келісу, мемлекеттік тіркеу және олардың күшін жою қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Заң) 44-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді және мынадай нормативтік құқықтық актілерді ресімдеу, келісу, мемлекеттік тіркеу және олардың күшін жою тәртібін айқындайды: 1) Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және өзге де орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық қаулылары; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|