Қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты объектiлер иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы 2004 жылғы 7 шілдедегі № 580-II Қазақстан Республикасының Заңы (2021.02.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2021 жылғы 1 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар 4-бап. Объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандырудың мақсаты мен негiзгi принциптерi 4-1-бап. Объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыруды жүзеге асырудың ерекшелiктерi 5-бап. Қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектілер 6-бап. Азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгi мiндеттi сақтандыруға жататын тұлғалар 8-бап. Объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты және оны жасасу тәртібі 9-бап. Объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартының қолданылуы 10-бап. Объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартының қолданылуын тоқтату 11-бап. Объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын мерзiмiнен бұрын тоқтату 12-бап. Сақтанушының құқықтары мен мiндеттерi 13-бап. Сақтандырушының құқықтары мен мiндеттерi 14-бап. Үшiншi тұлғалардың құқықтары 15-бап. Сақтандыру сомасының мөлшері 16-бап. Сақтандыру сыйлықақысының мөлшерi 17-бап. Сақтандыру сыйлықақысын төлеу тәртібі мен мерзімдері 18-бап. Сақтандыру жағдайы мен сақтандыру төлемiнiң мөлшерiн айқындау 19-бап. Сақтандыру төлемiн жүзеге асыру шарттары мен тәртібі 20-бап. Зиян келтiрген тұлғаға керi талап қою құқығы 21-бап. Сақтандырушыны сақтандыру төлемiн жүзеге асырудан босату негiздерi 22-бап. Дауларды қарау тәртібі
Осы Заң қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты объектiлер иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру саласында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейдi және оны жүргiзудiң құқықтық, экономикалық және ұйымдық негiздерiн белгiлейдi. 2010.04.05. № 275-IV ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) авария - ғимараттардың, құрылыстардың және (немесе) қауіпті өндірістік объектіде қолданылатын техникалық құрылғылардың қирауы, бақылауға болмайтын жарылыс және (немесе) қауіпті заттардың шығарындысы; 2) инцидент - қауіпті өндірістік объектіде қолданылатын техникалық құрылғылардың жұмыс істемей қалуы немесе бүлінуі, технологиялық процестердің режимнен ауытқуы, Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылуы; 3) қауіпті өндірістік фактор - қауіпті өндірістік объектілердегі авариялар, инциденттер кезінде туындайтын, үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне зиян келтіретін физикалық құбылыс; 4) қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектінің иесі - қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектіге меншік құқығында, шаруашылық жүргізу құқығында немесе оралымды басқару құқығында не кез келген басқа да заңды негізде иелік ететін жеке және (немесе) заңды тұлға; 5) қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объект иесінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігі - үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне қауіпті өндірістік фактор келтірген зиянды жеке және (немесе) заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген өтеу міндеті; 6) пайда алушы - осы Заңға сәйкес сақтандыру төлемін алушы болып табылатын тұлға; 7) сақтандыру жағдайы - оның басталуына орай қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты сақтандыру төлемін жүзеге асыруды көздейтін оқиға; 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 7-1) тармақшамен толықтырылды 7-1) сақтандыру омбудсманы - «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сақтандыру нарығына қатысушылар арасындағы келіспеушіліктерді реттеуді жүзеге асыратын, өз қызметінде тәуелсіз жеке тұлға; 8) сақтандыру сомасы - міндетті сақтандыру объектісі сақтандырылған және сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандырушы жауапкершілігінің шекті көлемін білдіретін ақша сомасы; 9) сақтандыру сыйлықақысы - сақтандырушының объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартында белгіленген мөлшерде сақтанушыға (пайда алушыға) сақтандыру төлемін жүргізуге міндеттемелер қабылдағаны үшін сақтанушының сақтандырушыға төлеуге міндетті ақша сомасы; 10) сақтандыру төлемі - сақтандырушы сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтанушыға (пайда алушыға) сақтандыру сомасының шегінде төлейтін ақша сомасы; 11) сақтандырушы - сақтандыру ұйымы ретінде тіркелген және сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар, сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтанушыға немесе өзге тұлғаға (пайда алушыға) шартта белгіленген сома (сақтандыру сомасы) шегінде сақтандыру төлемін жүргізуге міндетті заңды тұлға; 12) сақтандырылушы - өзіне қатысты сақтандыру жүзеге асырылатын тұлға; 13) сақтанушы - сақтандырушымен қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объект иесінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасқан тұлға. Егер сақтандыру шартында өзгеше көзделмесе, сақтанушы бір мезгілде сақтандырылушы болып табылады; 2014.11.04. № 189-V ҚР Заңымен 14) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 14) уәкілетті орган - азаматтық қорғау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді, мемлекеттік саясатты әзірлеуді және іске асыруды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган; 15) үшінші тұлға - өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне қауіпті өндірістік фактор зиян келтірген тұлға. Қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектінің қызметкерлері мен иелері үшінші тұлға болып табылмайды.
2-бап. Қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты объектiлер иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы Қазақстан Республикасының заңдары 1. Қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты объектiлер иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы Қазақстан Республикасының заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнен, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады. 2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады. 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап өткен соң қолданысқа енгізілді) 3. Осы Заңның сақтандырушыға, оның ішінде сақтандыру ұйымына қатысты қолданылатын ережелері Қазақстан Республикасының аумағында ашылған Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымдарының филиалдарына қолданылады.
2010.04.05. № 275-IV ҚР Заңымен 3-бап өзгертілді (бұр.ред.қара) 3-бап. Қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты объектiлер иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру объектiсi Қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты объектiлер иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру (бұдан әрi - объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру) объектiсi қауіпті өндірістік фактор өзінің үшiншi тұлғалардың өмiрiне, денсаулығына және (немесе) мүлкiне келтірген зиянды өтеудiң қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты объект иесiнiң Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында белгiленген мiндетiне байланысты мүлiктiк мүддесi болып табылады.
4-бап. Объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандырудың мақсаты мен негiзгi принциптерi 2010.04.05. № 275-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 1. Объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандырудың мақсаты қауіпті өндірістік фактор өмiрiне, денсаулығына және (немесе) мүлкiне зиян келтірген үшiншi тұлғалардың мүлiктiк мүдделерiн қорғауды сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыру арқылы қамтамасыз ету болып табылады. 2. Объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандырудың негiзгi принциптерi: үшiншi тұлғалардың мүлiктiк мүдделерiн қорғауды осы Заңда белгiленген көлемде және тәртiппен қамтамасыз ету; объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты бойынша тараптардың өз мiндеттемелерiн атқаруын қамтамасыз етуi болып табылады. ҚР 2009.30.12 № 234-IV Заңымен 4-1-баппен толықтырылды 4-1-бап. Объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыруды жүзеге асырудың ерекшелiктерi 1. 2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 2. Бәсекелестiктi шектеуге немесе жоюға, объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарттарын жасасу бойынша бiр сақтандырушыларға басқаларының алдында негiзсiз артықшылықтар беруге немесе алуға, сақтанушылардың құқықтары мен заңды мүдделерiне қысым жасауға бағытталған қызметке жол берiлмейдi. 2010.04.05. № 275-IV ҚР Заңымен 5-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 5-бап. Қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектілер 2014.11.04. № 189-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 1. «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өнеркәсіптік қауіпсіздігі декларациялануға жататын объектілер қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектілер болып табылады. Уәкілетті орган өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясы тіркелген объектілердің тізбесін өзінің интернет-ресурсына орналастырады немесе республикалық мерзімді баспа басылымдарында қазақ және орыс тілдерінде жариялайды. 2014.11.04. № 189-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 2. Егер объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартының қолданылу мерзімі ішінде объект үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупін тоқтатса, онда сақтанушы Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторына немесе оны алмастыратын адамға өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясын есептен шығару туралы өтінішті және объектідегі өнеркәсіптік қауіпсіздіктің жай-күйі туралы сараптамалық қорытындыны ұсынады. Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы немесе оны алмастыратын адам сараптамалық қорытындыны қараудың негізінде өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясын есептен шығару туралы шешім қабылдайды не одан дәлелді түрде бас тартады. Өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясын есептен шығару сақтанушыға объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын мерзімінен бұрын тоқтату құқығын береді. Бұл ретте сақтандырушының сақтандыру қолданылған мерзім ішіндегі уақытқа бара-бар сақтандыру сыйлықақысының бір бөлігіне құқығы бар.
6-бап. Азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгi мiндеттi сақтандыруға жататын тұлғалар 1. Қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты объектiлер иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгi мiндеттi сақтандыруға жатады. 2010.04.05. № 275-IV ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды 1-1. Қызметі үшінші тұлғаға зиян келтіру қаупімен байланысты объектіні объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасамай пайдалануға тыйым салынады. 2010.04.05. № 275-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 2. Қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты объектiлер иелерiнiң үшiншi тұлғалардың өмiрiне, денсаулығына және (немесе) мүлкiне келтiрiлген зиян үшiн өзiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн еркiн сақтандыру шартын жасасуы, қауіпті объектіні уақытша пайдалану құқығын басқа тұлғаға беру оларды объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасу жөніндегі мiндеттен босатпайды.
7-бап. Объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру саласындағы мемлекеттік қадағалау және бақылау 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді 1. Сақтандыру ұйымдарының қызметiн мемлекеттік қадағалау мен бақылауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады. 2. 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 7-1-баппен толықтырылды 7-1-бап. Ақпараттық өзара іс-қимыл жасау Авариялар, оқыс оқиғалар мен қауіпті өндірістік факторлар және олардың салдары туралы ақпаратқа ие уәкілетті орган, оның бөлімшелері, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті орган, прокуратура органдары, өзге де мемлекеттік органдар мен ұйымдар осы ақпаратты сақтандырушыға, сақтанушыға (пайда алушыға), сақтандыру омбудсманына олар өтініш жасаған кезде беруге міндетті.
8-бап. Объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты және оны жасасу тәртібі 1. Объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты осы Заңға сәйкес үшiншi тұлғалардың пайдасына сақтанушы мен сақтандырушы арасында жасалатын шарттың негiзiнде жүзеге асырылады. Қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты объектiнiң иесi бiреуден көп болған кезде объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты объектiнiң барлық иелерiн сақтандырылушылар ретiнде сақтандыру полисiнде мiндеттi түрде көрсете отырып, олардың кез келген бiреуiмен жасалады. 2010.04.05. № 275-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 2. Объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартында, моральдық зиянды, қолдан шыққан пайданы өтеу мен тұрақсыздық айыбын төлеудi қоспағанда, қауіпті өндірістік фактордың үшiншi тұлғаның өмiрiне, денсаулығына және (немесе) мүлкiне келтірген зиянның зардабынан туындайтын мiндеттемелер бойынша сақтандыру төлемiн жүзеге асыру көзделедi. 3. Объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты мiндеттi сақтандырудың осы түрi (сыныбы) бойынша қызметтi жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар сақтандырушымен ғана жасалуға тиiс. Сақтанушы сақтандырушыны таңдауға ерiктi. Сақтандырушы сақтанушымен объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасудан бас тартуға құқылы емес. Сақтанушы объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысын төлеуге мiндеттенедi, ал сақтандырушы сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтанушыға (пайда алушыға) осы Заңда белгiленген мөлшерде, тәртiппен және мерзiмде сақтандыру төлемiн жүзеге асыруға мiндеттенедi. 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4. Объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты сақтандырушының сақтандыру полисін электрондық нысанда ресімдеуі арқылы жасалады. Сақтанушының өтініші объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасу үшін негіз болып табылады. Объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартында көрсетілуге жататын талаптардың толық болмағаны үшін сақтандырушы жауапты болады. Объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты бойынша оның жекелеген талаптарының толық болмауы салдарынан дау туындаған жағдайда, дау сақтанушының пайдасына шешіледі. 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 4-1-тармақпен толықтырылды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) 4-1. Объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты сақтанушының қалауы бойынша сақтандырушыға жазбаша өтініш жасау не сақтанушы мен сақтандырушы арасында сақтандырушының интернет-ресурсын пайдалана отырып, электрондық нысанда ақпарат алмасу арқылы жасалуы мүмкін. 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5. Сақтандыру полисi, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң 826-бабында тiзбелеп көрсетiлген шарттардан басқа, сақтандырушының бiр сақтандыру жағдайы бойынша жауапкершiлiгінiң шектi көлемiнiң мөлшерiн қамтуға тиiс. Объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру полисінің мазмұны мен оны ресімдеу жөніндегі талаптар Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында белгіленеді. 6. 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 7. Егер сақтандырушы объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын сақтанушының (сақтандырылушының) немесе үшiншi тұлғаның жағдайын осы Заңда көзделгенмен салыстырғанда нашарлататын талаптармен жасаса, онда сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандырушы сақтанушының (сақтандырылушының) немесе үшiншi тұлғаның алдындағы мiндеттеменi осы Заңда белгiленген талаптар бойынша өз мойнына алады.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 8-1-баппен толықтырылды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) 8-1-бап. Объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын электрондық нысанда жасасу кезінде сақтандырушыға және интернет-ресурстарға қойылатын талаптар 1. Объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын электрондық нысанда жасасу кезінде сақтандырушының интернет-ресурсы сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) мен сақтандырушы арасында электрондық ақпараттық ресурстар алмасу үшін пайдаланылады. Объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын электрондық нысанда жасасу үшін өтініш беру кезінде сақтанушыдан мамандандырылған бағдарламалық қамтылымды пайдалану талап етілмейді. Объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарын электрондық нысанда жасасу үшін пайдаланылатын сақтандыру ұйымдарының интернет-ресурстарының тізбесі дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымның интернет-ресурсында орналастырылады. 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2. Сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) мен сақтандырушы арасында электрондық ақпараттық ресурстар алмасу тәртібі қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді. 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3. Объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын сақтандырушының интернет-ресурсын пайдалана отырып жасасқан кезде сақтандырушы: 1) сақтанушыға объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасу не оны жасасудан бас тарту (бас тарту себептерін көрсете отырып) туралы хабарламаның электрондық хабар түрінде дереу жөнелтілуін; 2) сақтанушының объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты бойынша ақпаратты дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымның ақпараттық жүйесі арқылы тексеру мүмкіндігін; 3) сақтанушы үшін сақтандырушының интернет-ресурсына тәулік бойы қол жеткізуді қамтамасыз ете отырып, объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартының электрондық нысанда сақталуын; 4) сақтанушыға (сақтандырылушыға, пайда алушыға): мәліметтерді өзгерту, объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын қайта ресімдеу; объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын мерзімінен бұрын тоқтату; сақтандыру жағдайының басталғаны туралы хабардар ету; келтірілген зиян мөлшерін бағалауды жүргізу; сақтандыру төлемін алу үшін қажетті ақпаратты (өтінішті, хабарламаны және (немесе) өзге де құжаттарды, мәліметтерді) электрондық нысанда жасау және сақтандырушыға жөнелту мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті. Объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасу туралы хабарлама дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымнан жіберіледі. Объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасу туралы хабардар ету тәртібіне және хабарламаның мазмұнына қойылатын талаптарды қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган айқындайды. 4. Объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын сақтандырушының интернет-ресурсын пайдалана отырып жасасу кезінде, егер объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартында өзгеше көзделмесе, сақтанушы осы сақтандыру шартын сақтанушы сақтандыру сыйлықақысын (сақтандыру сыйлықақысы бөліп төленген жағдайда, бірінші сақтандыру жарнасын) төлеген күннен бастап сақтандырушы ұсынған талаптарда жасасты деп есептеледі. 5. Объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын сақтандырушының интернет-ресурсын пайдалана отырып жасасу кезінде сақтанушы осы Заңда көзделген сақтандыру талаптарымен танысқаннан кейін сақтандыру сыйлықақысын (сақтандыру сыйлықақысы бөліп төленген жағдайда, бірінші сақтандыру жарнасын) төлейді, сол арқылы ол өзіне ұсынылған талаптармен осы қосылу шартын жасасуға келісетінін растайды. 6. Сақтандырушы объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын сақтандырушының интернет-ресурсын пайдалана отырып жасасу мүмкіндігін тәулік бойы қамтамасыз етеді. 7. Сақтандыру агенттерінің сақтанушы мен сақтандырушы арасындағы ақпараттық өзара іс-қимыл арқылы сақтандыру шартын электрондық нысанда жасауға арналған сақтандыру ұйымдарының ақпараттық жүйелерін пайдалана отырып, объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарын жасасу жөніндегі қызметіне жол берілмейді.
9-бап. Объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартының қолданылуы 2010.04.05. № 275-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 1. Егер объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартының талаптарында өзгеше көзделмесе, объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты сақтанушы бірінші сақтандыру жарнасын төлеген кезден бастап күшiне енедi және тараптар үшiн мiндеттi болады. 2010.04.05. № 275-IV ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2. Объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты ол күшіне енген күннен бастап он екі айдан аспайтын мерзімге жасалады. Объект иесі қызметін он екі айдан аз мерзімде жүзеге асырған жағдайда, объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты қызметті жүзеге асыру мерзіміне, бірақ кемінде алты айға жасалады. Сақтандыру қорғанышының қолданылу кезеңі объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартының қолданылу мерзіміне сәйкес келеді. 3. Егер объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартында өзгеше көзделмесе, объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартының қолданылуы Қазақстан Республикасының аумағымен шектеледi.
10-бап. Объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартының қолданылуын тоқтату Объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты: 1) шарттың қолданылу мерзiмi аяқталған; 2) шарт мерзiмiнен бұрын тоқтатылған; 3) сақтандырушы объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сомасы мөлшерiнде сақтандыру төлемiн (сақтандыру төлемдерiн) жүзеге асырған жағдайларда тоқтатылды деп саналады. 11-бап. Объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын мерзiмiнен бұрын тоқтату Объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын мерзiмiнен бұрын тоқтатудың тәртібі, талаптары мен салдары Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарына сәйкес айқындалады. 12-бап. Сақтанушының құқықтары мен мiндеттерi 1) сақтандырушыдан объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру талаптарын, объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты бойынша өзiнiң құқықтары мен мiндеттерiн түсiндiрудi талап етуге; |
Содержание 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар 2-бап. Қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты объектiлер иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы Қазақстан Республикасының заңдары3-бап. Қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты объектiлер иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру объектiсi4-бап. Объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандырудың мақсаты мен негiзгi принциптерi4-1-бап. Объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыруды жүзеге асырудың ерекшелiктерi5-бап. Қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектілер6-бап. Азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгi мiндеттi сақтандыруға жататын тұлғалар7-бап. Объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру саласындағы мемлекеттік қадағалау және бақылау8-бап. Объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты және оны жасасу тәртібі8-1-бап. Объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын электрондық нысанда жасасу кезінде сақтандырушыға және интернет-ресурстарға қойылатын талаптар9-бап. Объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартының қолданылуы10-бап. Объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартының қолданылуын тоқтату11-бап. Объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын мерзiмiнен бұрын тоқтату12-бап. Сақтанушының құқықтары мен мiндеттерi13-бап. Сақтандырушының құқықтары мен мiндеттерi14-бап. Үшiншi тұлғалардың құқықтары15-бап. Сақтандыру сомасының мөлшері16-бап. Сақтандыру сыйлықақысының мөлшерi17-бап. Сақтандыру сыйлықақысын төлеу тәртібі мен мерзімдері18-бап. Сақтандыру жағдайы мен сақтандыру төлемiнiң мөлшерiн айқындау19-бап. Сақтандыру төлемiн жүзеге асыру шарттары мен тәртібі20-бап. Зиян келтiрген тұлғаға керi талап қою құқығы21-бап. Сақтандырушыны сақтандыру төлемiн жүзеге асырудан босату негiздерi21-1-бап. Қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру жөніндегі дауларды реттеу ерекшеліктері22-бап. Дауларды қарау тәртібі23-бап. Қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы Қазақстан Республикасының заңдарын бұзғаны үшiн жауаптылық |