Павлодар облыстық әкімдігінің 2019.18.04. № 114/2 Қаулысымен мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламенті алып тасталды
Павлодар облыстық әкімдігінің 2016.07.04. № 111/3 Қаулысымен мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламенті жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 9 маусымдағы № 170/6 қаулысымен бекітілген
«Ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды аттестаттау» (2016.07.04. берілген өзгерістермен)
1. «Ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) осы регламенттің 1-қосымшасына сәйкес ветеринария саласында қызметті жүзеге асыратын облыстың, аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру: 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі; 2) «электрондық үкіметтің» веб-порталы: www.egov.kz, www.elicense.kz (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады. 2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны - электрондық (ішінара автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде. 3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - келесі шешімдердің бірі көрсетілген аттестаттау парағы: 1) аттестатталды; 2) қайта аттестаттауға жатады; 3) аттестатталған жоқ. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық түрде. Атесттау парағы электрондық нысанда ресімделеді, басып шығарылады, оған комиссия төрағасы, мүшелері мен хатшысы қол қояды. Көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың аттестаттаудан өту күні мен уақыты туралы хабарлама жолданады.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|