Осы редакция 2017 жылғы 7 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы № 499 қаулысымен бекітілген
Жоғары білім беру ұйымдары қызметінің (2014.19.12. берілген толықтырулармен)
1. Осы Жоғары білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - «Білім туралы» Заң) сәйкес меншік нысандары мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан Қазақстан Республикасының жоғары білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің тәртібін айқындайды. 2. Жоғары білім жоғары оқу орындарында - институттарда және оларға теңестірілген ұйымдарда (консерватория, жоғары мектеп, жоғары училище, құқық қорғау органының академиясы) беріледі. Жоғары оқу орындарын жіктеу критерийлерін білім саласындағы уәкілетті орган бекітеді. 3. Жоғары оқу орындарының негізгі міндеті - ұлттық және жалпы адами құндылықтар, ғылым мен практиканың жетістіктері негізінде тұлғаның кәсіби қалыптасуы мен дамуына бағытталған білім беру бағдарламаларын меңгеру үшін жоғары білімді кадрлар даярлау. 4. Жоғары оқу орны (бұдан әрі - ЖОО) өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, білім беру және ғылым қызметін регламенттейтін «Білім туралы», «Ғылым туралы» заңдарға, сондай-ақ осы Қағидалар мен оның негізінде әзірленген ЖОО жарғысына сәйкес жүзеге асырады. ҚР Үкіметінің 2014.19.12. № 1332 Қаулысымен 4-1-тармақпен толықтырылды 4-1. Ведомстволық бағыныстылығына және меншік нысанына қарамастан, кәсіптік жоғары білім беру оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары өз қызметін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес берілген лицензияның негізінде жүзеге асырады. ҚР Үкіметінің 2014.19.12. № 1332 Қаулысымен 4-2-тармақпен толықтырылды Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|