ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 895 Қаулысымен күші жойылды
ҚР Үкіметінің 2017.07.04. № 181 Қаулысымен үлгілік қағидалары жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы № 499 қаулысымен бекітілген
Жоғары білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары (2017.07.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1. Жалпы ережелер
1. Осы Жоғары білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Бiлiм туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - «Білім туралы» Заң) сәйкес әзірленді және меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан Қазақстан Республикасының жоғары білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің тәртібін айқындайды. 2. Жоғары білім жоғары оқу орындарының мынадай түрлерінде: ұлттық зерттеу университеттерінде, ұлттық жоғары оқу орындарында, зерттеу университеттерінде, университеттерде, академияларда, институттарда және оларға теңестірілген ұйымдарда (консерватория, жоғары мектеп, жоғары училище) алынады. 3. Жоғары оқу орындарының негізгі міндеті - ғылым мен практиканың жетістіктері негізінде тұлғаның кәсіби қалыптасуы мен дамуына бағытталған білім беру бағдарламаларын меңгеру үшін қажетті жағдайларды жасау арқылы жоғары білімі бар кадрларды даярлау. 4. Жоғары оқу орны (бұдан әрі - ЖОО) өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Білім туралы», «Ғылым туралы», «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті коммерцияландыру туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына, білім беру және ғылыми қызметті регламенттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Қағидалар мен олардың негізінде әзірленген ЖОО жарғысына сәйкес жүзеге асырады. Әскери, арнаулы оқу орындары (бұдан әрі - ӘАОО) өз қызметін тиісті уәкілетті мемлекеттік органдардың басшылары бекітетін нормативтік құқықтық актілердің ерекшеліктерін ескере отырып жүзеге асырады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|