Өскемен қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27, 50-баптарына сәйкес, Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Осы қаулыға қосымшаға сай Өскемен қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын. 2. «Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің заңгерлік бөлімі апта мерзімінде әділет органына осы қаулының көшірмесін қоса ұсынумен, әкімдіктің қаулысының күші жойылды деп танылғандығы туралы хабарласын. 3. «Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің жалпы бөлімі, «Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі апта мерзімінде ресми жариялау көздеріне қаулының көшірмесін қоса ұсынумен, әкімдік қаулысының күші жойылды деп танылғандығы туралы хабарласын. 4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімі аппаратының басшысы Е.А. Шурмановқа жүктелсін.
Өскемен қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 24 мамырдағы № 369 қаулысына қосымша
Өскемен қаласы әкімдігінің күші жойылды деп танылған кейбір қаулыларының тізбесі
1. Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 21 сәуірдегі № 4852 «Өскемен қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы» қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3314 тіркелген, 2014 жылғы 29 мамырда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2014 жылдың 22 мамырда «Өскемен», «Усть-Каменогорск» газеттерінде жарияланған). Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|