«Қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтерін айқындау әдістемесі туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2012 жылғы 16 сәуірдегі № 110-ө бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 10 наурыздағы № 63 бұйрығымен 2021 ж. 1 шілдесінен бастап күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтерін айқындау әдістемесі туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2012 жылғы 16 сәуірдегі № 110-ө бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7664 болып тіркелген, 2012 жылғы 11 шілдеде «Егемен Қазақстан» газетінде № 383-388 (27462) санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: бұйрықтың атауы мынадай редакцияда жазылсын: «Қоршаған ортаға эмиссиялардың нормативтерін айқындау әдістемесін бекіту туралы»; көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтерін айқындау әдістемесінде: 4, 5, 6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «4. Атмосфераға ластаушы заттар шығарындыларының нормативтері (рұқсат етілген шекті шығарынды - РЕШШ) өнеркәсіп кәсіпорындарының даму болашағын және атмосферада зиянды заттардың сейілуін ескере отырып, осы көзден және қаланың немесе басқа елді мекеннің көздерінің жиынтығынан жер бетіндегі шоғырлану елді мекендердің және санитарлық қорғаныш аймақтарының рұқсат етілген шекті шоғырлануларынан аспайтындай етіп әрбір нақты атмосфераны ластау көзі үшін анықталады. Жалпы кәсіпорын үшін шығарындылар нормативтері осы кәсіпорынның қолданыстағы, жобаланатын және қайта жаңартылатын ластаушы көздері үшін шығарындылар нормативтері мәндерінің жиынтығы бойынша белгіленеді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|