Қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтерін айқындау әдістемелерін бекіту туралы (2024.16.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 2024.02.09. № 199 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (2024 ж. 16 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы 2021 жылғы 2 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 39-бабының 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 2024.02.09. № 199 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 16 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1. Мыналар: 1) Қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтерін айқындау әдістемесі осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес; 2) Газ-химия кешендерінің алау қондырғыларынан шығатын ластағыш заттар шығарындыларын есептеу әдістемесі осы бұйрыққа 1-1-қосымшаға сәйкес бекітілсін. 2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау, қоршаған орта және су ресурстары және Энергетика министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын. 3. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрықтың алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын; 3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде берілген тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|