Осы редакция 2019 жылғы 29 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 16 маусымдағы № 227 қаулысымен бекітілді
«Жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобаларын бекіту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (2019.31.01. берілген өзгерістермен)
1. «Жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобаларын бекіту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (бұдан әрі - Регламент) «Жер қатынастары, геодезия және картография саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі міндетін атқарушысының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 272 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11050 болып тіркелді) бекітілген «Жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобаларын бекіту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес әзірленді. «Жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобаларын бекіту» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) осы Регламентке 1 қосымшада көрсетілген тізбеге сәйкес облыстың, аудандардың және облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарымен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - мемлекеттік қызметті алушы) тегін көрсетіледі. Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру: 1) кезек күту тәртібінде, алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз, жер учаскесінің орналасқан орны бойынша көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі; 2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммериялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, түскі асқа үзіліссіз жұмыс кестесіне сәйкес сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|