Мұнайды магистральдық мұнай құбырларымен тасымалдау графигін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы (2023.17.06. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Энергетика министрінің 2023.27.02. № 88 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2023 ж. 17 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) «Магистральдық құбыр туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 6-бабының 7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Мұнайды магистральдық мұнай құбырларымен тасымалдау графигін қалыптастыру қағидалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай өнеркәсібін дамыту департаменті Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өтуін; 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның ресми жариялауға мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне жолдануын; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды; 4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтын 2) және 3)-тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі Ә. Исекешев 2015 жылғы 6 мамыр
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Қаржы министрі Б. Сұлтанов 2015 жылғы 11 мамыр
ҚР Энергетика министрінің 2023.27.02. № 88 бұйрығымен қағида жаңа редакцияда (2023 ж. 17 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|