|
Есеп саясатын бекіту туралы (2017.13.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2021 жылғы 18 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 116-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса берілген Есеп саясаты бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есептің, аудиторлық қызметтің әдістемесі департаменті (А.О. Төлеуов) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және заңнамада белгіленген тәртіппен ресми жариялануын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрық 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.
Қаржы министрінің 2010 жылғы 7 қыркүйектегі № 444 бұйрығымен бекітілген
Есеп саясаты
1. Кіріспе
1. Есеп саясаты Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы № 393 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті жүргізудің ережелеріне (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6443 болып тіркелген) сәйкес әзірленген (бұдан әрі - Бухгалтерлік есеп ережесі). 2. Есеп саясаты мемлекеттік мекемелерде қаржы есептілігін құрастырғанда және ұсынғанда қолданылатын, барлық мемлекеттік мекемелерге бірыңғай болып табылатын принциптерді, негіздерді, ережелерді, қағидалар мен практиканы қамтиды.
2. Бухгалтерлік есеп пен қаржы есептілігін жасаудың принциптері мен негізгі сапалық сипаттамасы
3. Есептеу және қызметтің үздіксіздігі бухгалтерлік есепті жүргізу мен қаржы есептілігін жасаудың принциптері болып табылады. 4. Есептеу принципі төлем уақытына қарамастан, оларды жасау фактісі бойынша операция қорытындыларын танумен қамтамасыз етіледі. 5. Қызметтің үздіксіздік принципі мемлекеттік мекеме көз жетерлік болашақта жұмыс істеуге ниеті бар екенін, қызмет ауқымын тарату немесе елеулі қысқарту қажеттігі болмайтындығын білдіреді. 6. Түсініктілік, орындылық, сенімділік және салыстыруға келетіндік қаржы есептілігінің негізгі сапалы сипаттамасы болып табылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|