Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 373 «Карантиндік режимді енгізе отырып карантинді аймақты белгілеу туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2023 жылғы 31 тамыздағы № 193 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 ақпандағы «Өсімдіктер карантині туралы» Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының 2020 жылғы 2 наурыздағы № 3-13-224 ұсынысы бойынша, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 373 «Карантиндік режимді енгізе отырып карантинді аймақты белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4251 тіркелген, 2016 жылғы 13 ақпандағы «Орал өңірі» және «Приуралье» газеттерінде жарияланған) қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін: 1-тармақ келесі редакцияда жазылсын: «1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Ақжайық, Бөрлі, Жәнібек, Бәйтерек, Казталов, Сырым, Тасқала, Теректі, Шыңғырлау аудандарының және Орал қаласының аумақтарында карантиндік режимді енгізе отырып, карантинді аймақ белгіленсін.»; аталған қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. «Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі (Б.А.Есенғалиев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін. 3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары М.Н. Манкеевке жүктелсін. 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 30 сәуірдегі № 92 қаулысына қосымша
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|