«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне байланыс, цифрландыру, инвестициялық ахуалды жақсарту және артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2024 жылғы 21 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы
1. Қоса беріліп отырған қабылдануы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне байланыс, цифрландыру, инвестициялық ахуалды жақсарту және артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2024 жылғы 21 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңымен негізделген құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары: 1) тізбеге сәйкес құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін; 2) тізбеге сәйкес тиісті ведомстволық актілерді қабылдасын; 3) ай сайын, 30-ы күнінен кешіктірмей, жалпыға қолжетімді мемлекеттік ақпараттандыру объектісінде тізбеге сәйкес құқықтық актілердің әзірленуі және қабылдануы туралы ақпаратты орналастырып тұрсын. 3. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі көрсетілген Заңды іске асыру жөніндегі ақпаратты талдап, жинақтасын және ай сайын 5-і күнінен кешіктірмей, жиынтық ақпаратты жалпыға қолжетімді мемлекеттік ақпараттандыру объектісінде орналастырып тұрсын.
Премьер-Министрінің 2024 жылғы 18 маусымдағы № 81-ө өкімімен бекітілген
Қабылдануы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне байланыс, цифрландыру, инвестициялық ахуалды жақсарту және артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2024 жылғы 21 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңымен негізделген құқықтық актілердің тізбесі
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|