Мемлекеттік ақпараттық саясатты қалыптастыру мәселелері жөніндегі республикалық комиссия туралы ережені бекіту туралы
Осы редакция 2023 жылғы 30 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 4-6-бабы 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік ақпараттық саясатты қалыптастыру мәселелері жөніндегі республикалық комиссия туралы ереже бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды; 3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрі 2021 жылғы 30 сәуірдегі № 150 бұйрығымен бекітілген
Мемлекеттік ақпараттық саясатты қалыптастыру мәселелері жөніндегі республикалық комиссия туралы ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|