ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2018.28.12. № 951 бұйрығымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 561 бұйрығымен бекітілген 1-қосымша
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 23 сәуірдегі № 220 бұйрығымен күші жойылды
«Пайдаланушы сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (2019.31.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1. «Пайдаланушы сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет). ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019.31.07. № 589 бұйрығымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын (бұдан әрі - стандарт) Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі. 3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Азаматтық авиация комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Өтінімді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру: 1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация); 2) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4 Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: 1) құжаттар топтамасы бар өтінімді көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде: пайдаланушы сертификатын (бұдан әрі - сертификат) беру - 64 (алпыс төрт) жұмыс күні; пайдаланушы сертификатының телнұсқасын (бұдан әрі - сертификат телнұсқасы) беру - 2 (екі) жұмыс күні; 2) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 20 (жиырма) минут; 3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 30 (отыз) минут. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|