|
«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу құжаттарының нысандарын және аккредиттеу алдындағы, аккредиттеуден кейінгі шарттардың үлгілік нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің 2008 жылғы 29 қазандағы № 430 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу құжаттарының нысандарын және аккредиттеу алдындағы, аккредиттеуден кейінгі шарттардың үлгілік нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің 2008 жылғы 29 қазандағы № 430 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5356 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: бұйрықтың преамбуласы мынадай редакцияда жазылсын: «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 2-тармағына, 16-бабының 3-тармағына және 20-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»; 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Қоса беріліп отырған: 1) осы бұйрыққа 1, 2, 3-қосымшаларға сәйкес сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу құжаттарының нысандары; 2) осы бұйрыққа 4, 5-қосымшаларға сәйкес аккредиттеу алдындағы және аккредиттеуден кейінгі шарттардың үлгілік нысандары бекітілсін; көрсетілген бұйрыққа 2, 3, 4, 5-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2, 3, 4-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; көрсетілген бұйрыққа 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13 14-қосымшалар алынып тасталсын. 2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық 2021 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|