«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорацияның жылжымалы мүлік кепілінің статистикалық және өзге де есептік ақпаратын ұсыну қағидаларын бекіту туралы (2019.05.07. берілген өзгерістермен)
«Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы» 1998 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 3-1-бабының 4) тармақшасына, сондай-ақ «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорацияның жылжымалы мүлік кепілінің статистикалық және басқа есептік ақпаратын ұсыну қағидалары бекітілсін. 2. Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментіне заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауды; 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерінің эталондық бақылау банкiнде орналастыру үшін жіберуді; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін. 4. Осы бұйрық ресми жариялануы тиіс және 2016 жылдың 1 наурызынан бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Ә. Исекешев 2016 жылғы 28 қаңтар
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|