|
|
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы (2019.08.01. берілген өзгерістермен)
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1-тармақ халық саны екі мың адамнан көп аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді; халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді 1. 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., № 23-24 (қосымша); 1995 ж., № 15-16, 109-құжат; № 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 187-құжат; № 14, 274-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 1-2, 8-құжат; № 5, 55-құжат; № 12, 183, 184-құжаттар; № 13-14, 195, 205-құжаттар; 1998 ж., № 2-3, 23-құжат; № 5-6, 50-құжат; № 11-12, 178-құжат; № 17-18, 224, 225-құжаттар; № 23, 429-құжат; 1999 ж., № 20, 727, 731-құжаттар; № 23, 916-құжат; 2000 ж., № 18, 336-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 7-құжат; № 8, 52-құжат; № 17-18, 240-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 2, 17-құжат; № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 11, 56, 57, 66-құжаттар; № 15, 139-құжат; № 19-20, 146-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 56-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 10, 31-құжат; № 14, 58-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 4-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20, 21-құжаттар; № 4, 28-құжат; № 16, 131-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., № 12, 52-құжат; № 13-14, 58-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114, 115-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 16, 18-құжаттар; № 8, 44-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 125, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 2, 21, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 4, 37-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 16, 129-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 13, 15-құжаттар; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 7, 36-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 76-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61, 63-құжаттар; № 14, 84-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 7, 34-құжат; № 8, 42, 45-құжаттар; № 13, 68-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; № 20-I, 110-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 21-I, 128-құжат; № 22-I, 140, 143-құжаттар; № 22-V, 156-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 7-II, 55-құжат; № 8-II, 70-құжат; № 12, 87-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат): 1) 102-баптың 4-тармағы және 5-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «4. Мемлекеттiк кәсiпорын Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құрылады, таратылады және қайта ұйымдастырылады. 5. Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған тәртіппен тағайындалатын басшы мемлекеттiк кәсiпорынның органы болып табылады.»; 2) 104-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «2. Қазыналық кәсiпорын Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң немесе жергiлiктi атқарушы органның не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының шешiмiмен құрылады.»; 3) 105-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «2. Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының заңдарына немесе Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, сондай-ақ аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының құқықтық актiлерiне сәйкес мемлекет құратын және егер Қазақстан Республикасының заңдарында қосымша қаржыландыру көздерi белгiленбесе, бюджет немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнің бюджетi (шығыстар сметасы) есебiнен ғана ұсталатын мекеме мемлекеттiк мекеме болып танылады.»; 4) 112-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «2. Жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар, сондай-ақ аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары осы органдардың мәртебесiн айқындайтын Қазақстан Республикасының заңдарында, ережелерде немесе өзге де актілерде белгiленген өздерінің құзыретi шеңберiнде әкiмшiлiк-аумақтық бірліктiң атынан өз әрекеттерi арқылы мүлiктiк және жеке мүлiктiк емес құқықтар мен мiндеттердi иелене алады және оларды жүзеге асыра алады, сотта өкiлдiк ете алады.»; 5) 192-бапта: 3-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «3-1. Коммуналдық меншiк жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару деңгейлерi бойынша: облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың; аудандық (облыстық маңызы бар қала); аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігі) болып бөлінеді.»; 6-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Коммуналдық меншiктегi мүлiктi жергiлiктi мемлекеттiк басқарудың және өзін-өзі басқарудың бiр деңгейiнен екiншiсiне беру Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамалық актісіне сәйкес жүзеге асырылады.»; 6) 202-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «2. Қазыналық кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелерді жедел басқару құқығын жүзеге асырудың ерекшеліктері «Мемлекеттік мүлік туралы» және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалады.». 2. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 21, 93-құжат; 2009 ж., № 23, 112-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 24, 146, 149, 150-құжаттар; 2011 ж., № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 125-құжат; № 16, 129-құжат; № 20, 151-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 16-құжат; № 3, 21-құжат; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 36, 41-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 94-құжат; № 18-19, 119-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 13, 63-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 20, 113-құжат; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 1, 6-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44-құжат; № 11, 63, 69-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 128, 131-құжаттар; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 11, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 78-құжат; № 19-I, 100-құжат; № 19-II, 106-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 117-құжат; № 21-I, 121, 124-құжаттар; № 21-II, 130, 132-құжаттар; № 22-I, 140, 143-құжаттар; № 22-II, 144-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VI, 159-құжат; № 23-II, 172-құжат; 2016 ж., № 7-II, 53-құжат; № 8-I, 62-құжат; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 23, 119-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 6, 11-құжат; № 9, 18-құжат; № 10, 23-құжат): 1) мазмұнында: 9-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «9-бап. Аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджет»; мынадай мазмұндағы 9-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын: «9-1-бап. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттері»; 8-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «8-тарау. Бюджетке түсетін түсімдерді республикалық, облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттері, аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттер, аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттері арасында бөлу»; 52-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «52-бап. Аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджетке түсетін түсімдер»; 8-тарау мынадай мазмұндағы 52-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын: «52-1-бап. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттеріне түсетін түсімдер»; 56-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «56-бап. Аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттің шығыстары»; 9-тарау мынадай мазмұндағы 56-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын: «56-1-бап. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттерінің шығыстары»; 73-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «73-бап. Аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджет туралы мәслихат шешімінің жобасын әзірлеу»; 12-тарау мынадай мазмұндағы 73-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын: «73-1-бап. Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің бюджеттері туралы мәслихат шешімінің жобасын әзірлеу»; 78 және 79-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын: «78-бап. Жергілікті бюджеттің жобасын мәслихаттың тұрақты комиссияларында және сессиясында қарау 79-бап. Республикалық бюджет туралы заңды және жергілікті бюджеттер туралы мәслихаттардың шешімдерін іске асыру туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың қаулылары, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің шешімі»; 2-тармақтың 1) тармақшасының жиырма үшінші 2020 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді 102-1-баптың тақырыбы алып тасталсын; 109-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «109-бап. Аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджетті нақтылау»; 19-тарау мынадай мазмұндағы 109-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын: «109-1-бап. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттерін нақтылау»; 2-тармақтың 1) тармақшасының жиырма сегізінші және жиырма тоғызыншы абзацтары 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді 23-тарау мынадай мазмұндағы 120-3-баптың тақырыбымен толықтырылсын: «120-3-бап. Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің, аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттің, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау»; 131-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «131-бап. Аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті ұсыну»; мынадай мазмұндағы 131-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын: «131-1-бап. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық есепті ұсыну»; 132-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «132-бап. Аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттің, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық есепті қарау және бекіту»; 48-тарау мынадай мазмұндағы 243-3, 243-4 және 243-5-баптардың тақырыптарымен толықтырылсын: «243-3-бап. 2017 қаржы жылына арналған аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетін нақтылау, түзету мен атқару және 2017 қаржы жылындағы аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есепті жасау ерекшеліктері 243-4-бап. 2018 - 2020 және 2019 - 2021 қаржы жылдарына арналған жергілікті бюджеттерді әзірлеу мен бекіту ерекшеліктері 243-5-бап. 2020 - 2022 және кейінгі қаржы жылдарына арналған жергілікті бюджеттерді әзірлеу мен бекіту ерекшеліктері»; 2) 3-баптың 1-тармағының 62-2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «62-2) өзара өтелетін операциялар - мемлекеттік бюджетті, облыстың және ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетін, сондай-ақ олардың атқарылуы туралы есептерді қалыптастыру кезінде жүзеге асырылатын, қосарланған шотты болғызбау мақсатында бюджеттің бір деңгейінен екіншісіне берілетін трансферттер, бюджеттік кредиттер және басқа да ақша сомаларын алып тастаумен байланысты операциялар;»; 3) 6-бапта: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Қазақстан Республикасында мынадай деңгейлердегі бюджеттер: 1) республикалық бюджет; 2) облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері; 3) аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджет; 4) аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттері бекітіледі, атқарылады және дербес бюджеттер болып табылады. Облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері, аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджет, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттері жергілікті бюджеттерге жатады.»; 3-тармақта: бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын: «3. Қазақстан Республикасында талдамалық ақпарат ретінде пайдаланылатын және бекітуге жатпайтын мемлекеттік және шоғырландырылған бюджеттер, облыс бюджеті, аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеті жасалады.»; мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын: «Өз араларында өзара өтелетін операциялар ескерілмей, аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджетті, аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттерін біріктіретін орталықтандырылған ақша қоры аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеті болып табылады.»; 4) 9-бап мынадай редакцияда жазылсын: «9-бап. Аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджет 1. Осы Кодексте айқындалған түсімдер есебінен қалыптастырылатын және аудандық (облыстық маңызы бар қала) деңгейдегі жергілікті мемлекеттік органдардың, оларға ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржылық қамтамасыз етуге және тиісті ауданда (облыстық маңызы бар қалада) мемлекеттік саясатты іске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджет болып табылады. 2. Аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджет аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының шешімімен бекітіледі.»; 5) мынадай мазмұндағы 9-1-баппен толықтырылсын: «9-1-бап. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттері 1. Осы Кодексте айқындалған түсімдер есебінен қалыптастырылатын және аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің, оған ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржылық қамтамасыз етуге және тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте мемлекеттік саясатты іске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеті болып табылады. 2. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттері жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісілгеннен кейін аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының шешімімен бекітіледі.»; 6) 19-бапта: 3-тармақтың бірінші абзацы және 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «3. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың атқарушы органдарының резервіне:»; «4) аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттердің қолма-қол ақша тапшылығын жабуға арналған резерв кіреді.»; 4-тармақта: бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: «4. Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) атқарушы органдарының резервіне:»; 3) тармақшадағы «резерв кіреді.» деген сөздер «резерв;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын: «4) аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттерінің қолма-қол ақша тапшылығын жабуға арналған резерв кіреді.»; 7) 20-бапта: 4-тармақта: екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын: «Кезекті қаржы жылында аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттердің қолма-қол ақша тапшылығы болжанған жағдайда кезектi қаржы жылына арналған облыстық бюджетте олардың бюджеттерін кредиттеу үшiн резерв көзделедi.»; мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын: «Кезекті қаржы жылында аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттерінің қолма-қол ақша тапшылығы болжанған жағдайда, кезектi қаржы жылына арналған аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджетте олардың бюджеттерін кредиттеу үшiн резерв көзделедi.»; 8) 22-баптың 2-тармағында: 3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «3) республикалық меншікті жекешелендіруден түсетін түсімдерден;»; мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын: «3-1) ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың және олардың еншілес, тәуелді және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен және тізбе бойынша олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғалардың активтерін бәсекелес ортаға беруден түсетін түсімдерден;»; 9) 31-баптың 8-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «8. Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерінің аппараттары осы әкімшілік-аумақтық бірліктердің бюджеттік бағдарламаларының әкімшілері болып табылады.»; 10) 32-баптың 2-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдарымен келісу бойынша бекітілетін аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің бюджеттері құрамында бекітілетін бюджеттік бағдарламаларды қоспағанда, бюджеттік бағдарламаларды тиісінше мемлекеттік және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органдармен және (немесе) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдармен келісу бойынша бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бекітеді.»; 11) 33-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «2. Бюджеттік бағдарламалар мемлекеттік басқару деңгейіне қарай: 1) республикалық бюджет құрамында бекітілетін республикалық; 2) облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттері құрамында бекітілетін облыстық, республикалық маңызы бар қалалар, астана; 3) аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджет құрамында бекітілетін аудандық (қалалық); 4) республикалық маңызы бар қалалар, астана, облыстық маңызы бар қала бюджеттері құрамында бекітілетін қаладағы ауданның бюджеттік бағдарламалары; 2-тармақтың 11) тармақшасының жетінші абзацының қолданылуы халық саны екі мың адамнан көп аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін; халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұрған кезеңде бұл абзац осы Заңның 2-бабының 2-тармағының редакциясында қолданылды 5) аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттері құрамында бекітілетін аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің бюджеттік бағдарламалары болып бөлінеді. Облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандық (қалалық) бюджеттік бағдарламалар, сондай-ақ қаладағы ауданның бюджеттік бағдарламалары және аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің бюджеттік бағдарламалары жергілікті бюджеттік бағдарламалар болып табылады.»; 12) 35-бапта: 2-тармақтың 12) тармақшасының екінші абзацы халық саны екі мың адамнан көп аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 2018 ж. 1 қаңтардан бастап; халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді 1-тармақтың 1-1) тармақшасы алып тасталсын; 2-тармақтың 12) тармақшасының үшінші абзацының қолданылуы 2018 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұрған кезеңде бұл абзац осы Заңның 2-бабының 3-тармағының редакциясында қолданылды 2-1-тармақ алып тасталсын; 2-тармақтың 12) тармақшасының төртінші абзацы 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді 6-тармақ алып тасталсын; 13) 42-баптың 1, 2, 4 және 5-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын: «1. Бюджет процесінде республикалық, облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттері, аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттер, аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің бюджеттері арасындағы қатынастар бюджетаралық қатынастар болып табылады. 2. Осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, бюджет процесінде республикалық бюджеттің аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттермен, аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттерімен, облыстық бюджеттердің аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттерімен өзара қатынастарына және бір деңгейдегі жергілікті бюджеттердің бірімен-бірінің өзара қатынастарына жол берілмейді.»; «4. Бюджетаралық қатынастар мемлекеттік басқарудың деңгейлері арасында функциялар мен өкілеттіктер аражігінің айқын ажыратылуына, республикалық, облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттері, аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттер, аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің бюджеттері арасында түсімдер мен шығыстардың біркелкі бөлінуіне, сондай-ақ бюджетаралық трансферттерді айқындау әдістерінің бірлігі мен ашықтығына негізделген. 5. Осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және орталық мемлекеттік органдардың - облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджет процесіне, облыстардың жергілікті атқарушы органдарының - аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджет процесіне және аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарының аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің бюджет процесіне араласуына жол берілмейді.»; 14) 43-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «1) облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінің - республикалық бюджетпен өзара қатынастардағы, аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттердің - жоғары тұрған облыстық бюджетпен өзара қатынастардағы, аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттерінің жоғары тұрған аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджетпен өзара қатынастардағы теңдігі;»; 15) 44-бапта: 1-тармақ 2) тармақшасының төртінші абзацындағы «нормативтерімен реттеледі.» деген сөздер «нормативтерімен;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын: «3) аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджет пен аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттерінің арасында: трансферттермен; бюджеттік кредиттермен реттеледі.»; 5-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын: «Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органының резервiнен бөлiнгендерiн қоспағанда, аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттен бөлiнген нысаналы даму трансферттерінің қаржы жылы iшiнде пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) сомалары ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органының шешiмiмен олардың нысаналы мақсаты сақтала отырып, келесi қаржы жылында пайдаланылуы (толық пайдаланылуы) мүмкiн.»; 6, 7 және 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «6. Өткен қаржы жылында республикалық, облыстық немесе аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттен бөлінген нысаналы даму трансферттерін пайдалану кезінде үнемдеу пайда болған жағдайда, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, облыстың немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының шешімімен бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері үнемдеудің тиісті сомасын ағымдағы қаржы жылының соңына дейін жоғары тұрған бюджеттен берілген нысаналы даму трансферттерін пайдалану жүзеге асырылған бюджеттік бағдарламалар нәтижелерінің көрсеткіштерін жақсарту үшін пайдалануға құқылы. 7. Өткен қаржы жылында бөлінген, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, облыстың немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының шешімімен пайдалануға (толық пайдалануға) рұқсат етілген нысаналы даму трансферттерінің қаржы жылы ішінде пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) сомалары оларды бөлген жоғары тұрған бюджетке ағымдағы қаржы жылының соңына дейін қайтарылуға жатады. Республикалық, облыстық немесе аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттен бөлінген, олар бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі, облыстың немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы ағымдағы қаржы жылында одан әрі пайдалану (толық пайдалану) туралы шешім қабылдамаған нысаналы трансферттердің өткен қаржы жылында пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) сомалары жыл басындағы бюджет қаражатының қалдықтары есебінен ағымдағы қаржы жылының 1 наурызына дейін оларды бөлген жоғары тұрған бюджетке қайтарылуға жатады.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |