Мемлекеттік органдардың аппаратын және ерекше үй-жайларын орналастыруға арналған алаңдар нормалары (2014.12.09. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2016 жылғы 28 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 69-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған: 1) мемлекеттік органдардың аппаратын орналастыруға арналған алаңдар нормалары; 2) мемлекеттік органдардың ерекше үй-жайларына арналған алаңдар нормалары; 3) телефон байланысын пайдалану үшін тиесілілік нормалары; 4) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін. 2. Осы қаулыны іске асыру тиісті кезеңге арналған республикалық және жергілікті бюджеттерде көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылсын. ҚР Үкіметінің 2011.02.07. № 756 Қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 3. Бюджет қаражаты есебінен ұялы телефондар сатып алуға, Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы төлейтін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті Күзет қызметінің күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі күзету іс-шараларында пайдаланылатын стационарлық ұялы терминалдарынан шалынған қоңырауларды қоспағанда, ұялы телефондардан шалынған қоңырауларға ақы төлеуге жол берілмейді. 4. Осы қаулымен бекітілген мемлекеттік органдардың аппаратын және ерекше үй-жайларын орналастыруға арналған алаңдар нормалары мемлекеттік органдардың аппаратын орналастыру үшін жаңа объектілерді жобалау мен салу кезінде міндетті болып белгіленсін. 5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардың аппаратын ұстауға арналған қаражаттың жұмсалуын бақылауды қамтамасыз етсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|