Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің кейбір мәселелері (2024.25.01. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2024 жылғы 1 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 1 қыркүйектегі № 318 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған: 1) Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігі туралы ереже; 2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігі «Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің «Қазагромелиосушар» республикалық әдістемелік орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесіне қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық ету жөніндегі уәкілетті орган болып айқындалсын. 3. Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су шаруашылығы комитеті: 1) Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі Су шаруашылығы комитетінің «Қазсушар» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына; 2) Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі Су шаруашылығы комитетінің «Нұра топтық су құбыры» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық ету жөніндегі уәкілетті орган болып айқындалсын. 4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен «Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіндегі мемлекеттік қатысу үлестерін иелену және пайдалану құқықтарын Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігіне берсін. 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|