«Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы (2019.02.08. берілген өзгерістермен)
Павлодар облысы әкімдігінің 2020 жылғы 28 желтоқсандағы № 290/5 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 16-бабы 3-тармағына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін. 2. Мыналардың: Павлодар облысы әкімдігінің 2014 жылғы 24 сәуірдегі «Халықты әлеуметтік қорғау және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы» № 136/4 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3841 болып тіркелген, 2014 жылғы 28 маусымда «Сарыарқа самалы», «Звезда Прииртышья» газеттерінде жарияланған) қаулысындағы 1-тармақтың жиырма бірінші абзацының; Павлодар облысы әкімдігінің 2014 жылғы 26 тамыздағы «Павлодар облысы әкімдігінің 2014 жылғы 24 сәуірдегі «Халықты әлеуметтік қорғау және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы» № 136/4 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» № 279/8 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4026 болып тіркелген, 2014 жылғы 27 қыркүйекте «Сарыарқа самалы», «Звезда Прииртышья» газеттерінде жарияланған) қаулысындағы 1-тармақтың жетпіс сегізіншіден бастап сексен біріншіге дейінгі абзацтарының күші жойылды деп танылсын. 3. «Павлодар облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте: осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін; осы қаулы аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін; осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|