Телерадио хабарларын тарату жүйелерінің техникалық пайдалану ережесін бекіту туралы
Осы редакция 2017 жылғы 6 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
2012 жылғы 18 қаңтардағы Қазақстан Республикасының «Телерадио хабарларын тарату туралы» Заңының 7-бабы 15) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса берілген Телерадио хабарларын тарату жүйелерінің техникалық пайдалану ережесі бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат департаменті (В.В. Ярошенко): осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін; осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін, белгіленген заңнамалық тәртіпте бұқаралық ақпарат құралдарында ресми түрде жариялануын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Көлік және коммуникация вице-министрі С.С. Сарсеновке жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде қолданысқа енгізіледі.
Көлік және коммуникация министрінің 2012 жылғы 20 маусымдағы № 352 бұйрығымен бекітілген
Телерадио хабарларын тарату жүйелерін техникалық пайдалану қағидасы
1. Жалпы ережелер
1. Осы Телерадио хабарларын тарату жүйелерін техникалық пайдалану қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Телерадио хабарларын тарату туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 18 қаңтардағы Заңының 7 бабы 15) тармақшасына сәйкес әзірленген және телерадио хабарларын тарату жүйелерін техникалық пайдалану тәртібін анықтайды. 2. Осы Қағида теле-, радиоарналарды эфирлік және көпарналы хабар таратулар арқылы тарату бойынша қызметтерді жүзеге асыратын телерадио хабарларын тарату операторларына (цифрлық эфирлі, кәбілді, спутниктік телерадио хабар тарату) (бұдан әрі - Операторлар) және меншік формасына және ұйымдастырушылық-құқықтық формасына тәуелді емес теле-, радиокомпанияларға таратылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|