|
2023-2025 жылдарға арналған Краснояр ауылдық округінің бюджеті туралы
Осы редакция 2023 жылғы 19 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 9-1-бабының 2 - тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабы, 2-тармағының 2-7) тармақшасына сәйкес Көкшетау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: 1. 2023-2025 жылдарға арналған Краснояр ауылдық округінің бюджеті тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2023 жылға келесі көлемдерде бекітілсін: 1) кірістер - 612 474,0 мың теңге, соның ішінде: салықтық түсімдер - 36 847,0 мың теңге; салықтық емес түсімдер - 800,0 мың теңге; трансферттер түсімі - 574 827,0 мың теңге; 2) шығындар - 612 474,0 мың теңге; 3) таза бюджеттік кредиттеу - 0,0 мың теңге, соның ішінде: бюджеттік кредиттер - 0,0 мың теңге; бюджеттік кредиттерді өтеу - 0,0 мың теңге; 4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0,0 мың теңге, соның ішінде: қаржы активтерін сатып алу - 0,0 мың теңге; мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсімдер - 0,0 мың теңге; 5) бюджет тапшылығы (профициті) - 0,0 мың теңге; 6) бюджеттің тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - -0,0 мың теңге. 2. 2023 жылға арналған Краснояр ауылдық округі бюджеті кірістерінің құрамында Көкшетау қаласының бюджетінен 574 827,0 мың теңге көлемінде бюджеттік субвенция ескерілсін. 3. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандарға, қызметтiң осы түрлерiмен қалалық жағдайда айналысатын мамандардың айлықақыларымен және тарифтiк мөлшерлемелерімен салыстырғанда жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелер қарастырылсын. 4. Осы шешім 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|