|
|
|
"Мұнай және газ көлiгi" ұлттық компаниясы" жабық акционерлік қоғамын құру туралы (2023.17.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Мұнай-газ саласының жұмысын жүйелеу және магистральдық құбыр желiлерiн басқарудың бiрыңғай жүйесiн құру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Оның жарғылық капиталына мемлекеттiң 100 пайыз қатысуымен "Мұнай және газ көлiгi" ұлттық компаниясы" жабық акционерлік қоғамы (бұдан әрi - Қоғам) құрылсын. ҚР Үкіметінің 25.09.02 ж. № 1051 қаулысымен 2-тармақ алынып тасталды 2. Қоғам қызметiнiң негiзгi түрлерi - көмiрсутектi шикiзаты сату, тасымалдау және мұнай-газ құбырларын пайдалану мәселелері бойынша маркетинг, қаржыландыруды ұйымдастыру, техникалық-экономикалық негiздемелердi әзiрлеу, мұнай-газ құбырларының нобайын жобалау мен құрылысын салу, сондай-ақ мұнай-газ көлiгі саласындағы мемлекеттiң мүдделерiн қорғау және бiрыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асыру мақсатында белгiленген тәртiппен көмiрсутектi шикiзатты тасымалдау жөніндегі Қазақстан Республикасының ішкі және халықаралық жобаларына қатысу деп айқындалсын. ҚР Үкіметінің 25.09.02 ж. № 1051 қаулысымен 3-тармақ өзгертілді 3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен: 1) Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігімен (бұдан әрi - Министрлiк) бірлесіп 1-қосымшаға сәйкес акционерлік қоғамдардың акцияларының бұдан бұрын берілген мемлекеттік пакеттерін "ҚазТрансойл" мұнай тасымалдау жөніндегі ұлттық компания" (бұдан әрi - ҰМТК) жабық акционерлік қоғамының мүлкi (активтерi) құрамынан шығаруды және осы акциялар пакеттерiн беру арқылы Қоғамның жарғылық капиталын қалыптастыруды; 2) Қоғамның жарғысын бекiтудi және оның мемлекеттік тiркелуiн; 3) Министрлiкпен бiрлесiп ҰМТК-ның "ҚазТрансОйл" жабық акционерлік қоғамы болып қайта аталуын және Қоғамның жарғылық капиталына "ҚазТрансОйл" жабық акционерлік қоғамының 100 (жүз) пайыз мөлшерiнде акцияларының мемлекеттік пакетi берiлуiн; 4) Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігімен бiрлесiп Қоғамның жарғылық капиталына "Қазтеңiзкөлiкфлот" ұлттық теңiз кеме компаниясы" жабық акционерлік қоғамының 50 (елу) пайыз мөлшерiнде акцияларының мемлекеттік пакетiнiң берiлуiн; 5) 2-қосымшаға сәйкес құрамда Қоғамның директорлар Кеңесiнiң сайлануын; 6) осы қаулыны iске асыру үшiн қажеттi өзге де шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсiн. 4. 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер бекітілсiн. 5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бiрiншi орынбасары Д.К. Ахметовке жүктелсiн. 6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 2 мамырдағы № 591 қаулысына 1-қосымша Акцияларының пакеттері "ҚазТрансОйл" мұнай тасымалдау жөніндегі ұлттық компаниясы" жабық акционерлік қоғамы мүлкінің (активтерінің) құрамынан шығарылатын және "Мұнай және газ көлігі" ұлттық компаниясы" жабық акционерлік қоғамының жарғылық капиталына берілетін акционерлік қоғамдардың Тізбесі 1. "Ақтөбемұнайбайланыс" ААҚ (90 %); 2. "Байланыс" ААҚ (3,5 %); 3. "Мұнай-Импэкс" ЖАҚ (99 %); 4. "ҚазТрансГаз" ЖАҚ (100 %); 5. "ҚазТрансБайланыс" (90 %); 6. "Атырау халықаралық әуежайы" ААҚ (100 %); 7. "Еуро-Азия Эйр" тікұшақ авиакомпаниясы" ААҚ (100 %). ҚР Үкіметінің 25.09.02 ж. № 1051 қаулысымен 2-қосымша алынып тасталды Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 2 мамырдағы № 591 қаулысына 2-қосымша "Мұнай және газ көлігі" ұлттық компаниясы" жабық акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің құрамы Қарабалин Ұзақбай Сүлейменұлы - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар вице-министрі, төраға; Сафинов Қанатбек Бейсенбекұлы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі Заң бөлімінің меңгерушісі; Андрющенко Александр Иванович - Қазақстан Республикасының Экономика және сауда вице-министрі; Раханов Мақсұтбек Смағұлұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің төрағасы; Құлыбаев Тимур Асқарұлы. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 2 мамырдағы № 591 қаулысына 3-қосымша Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешімдерiне енгiзiлетiн өзгерістер 1. "Құбыр желiсi көлiгiн дамыту мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 24 шiлдедегi № 1176 қаулысында: 1-тармақтағы ", сондай-ақ барлық жаңа халықаралық құбыр желiсi жобаларында" деген сөздер алынып тасталсын. 2. "Акциялардың мемлекеттік пакеттерiне мемлекеттік меншіктің түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат): көрсетiлген қаулыға 2-қосымшада: "Алматы қаласы" деген бөлiмде: реттiк нөмiрi 100-жол мынадай редакцияда жазылсын: "100 "Мұнай және газ көлiгi" ұлттық компаниясы" ЖАҚ"; "Ақтөбе облысы" деген бөлiмде реттiк нөмiрi 125-жол алынып тасталсын; "Атырау облысы" деген бөлiмде реттiк нөмiрi 139, 141-жолдар алынып тасталсын; "Павлодар облысы" деген бөлiмде реттiк нөмiрi 261-жол алынып тасталсын. 3. "Құбыр желiсi көлiгiн дамыту жөніндегі жекелеген мәселелер" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметінің 1999 жылғы 29 сәyiрдегi № 513 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 16, 166-құжат): 1-тармақ алынып тасталсын. 4. "Республикалық меншіктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттерi мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында: көрсетiлген қаулыға қосымшада: "Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігіне" деген бөлiмде реттiк нөмiрi 17-жол мынадай редакцияда жазылсын: "17 "Мұнай және газ көлiгi" ұлттық компаниясы" ЖАҚ". 5. "Кейбір акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакеттерiн "ҚазТрансОйл" мұнай тасымалдау жөніндегі ұлттық компаниясы" жабық акционерлік қоғамына беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 17 қыркүйектегi № 1400 қаулысында: 2-тармақ алынып тасталсын. 6. "Мұнайгаз секторының кейбір мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 22 қаңтардағы № 113 қаулысында: 1-тармақтың 2) және 3) тармақшалары алынып тасталсын. 7. "ҚазТрансГаз" жабық акционерлік қоғамын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 5 ақпандағы № 173 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 5-6, 68-құжат): 2-тармақтың 3) және 4) тармақшалары алынып тасталсын; 3-тармақ алынып тасталсын. 8. "Евро-Азия Эйр" тiкұшақ авиакомпаниясы" ашық акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетiн "ҚазТрансОйл" мұнай тасымалдау жөніндегі ұлттық компания" жабық акционерлік қоғамына беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 25 мамырдағы № 785 қаулысында: 1-тармақ алынып тасталсын. 9. "Жекешелендiруге жатпайтын мемлекеттік меншiк объектiлерiнiң тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 24 қазандағы № 1587 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 43, 513-құжат): көрсетiлген қаулыға 2-қосымшада: реттiк нөмiрi 2-жол мынадай редакцияда жазылсын: "2. "Мұнай және газ көлігі" ұлттық компаниясы" ЖАҚ (Алматы қаласы) 100%"; реттiк нөмiрi 5-жолдағы "100%" деген сан "50%" деген санмен ауыстырылсын. 10. "Азаматтық авиация қызметiнiң кейбір мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 2 қарашадағы № 1659 қаулысында: 1-тармақтың 2) тармақшасы алынып тасталсын; 2-тармақ алынып тасталсын. 11. ҚР Үкіметінің 2023.17.07. № 602 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |