| ||||||||||||||||||||
|
|
|
«Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін орналастыру жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 24 ақпандағы № 68 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2025 жылғы 8 қыркүйектегі № 341-н/қ бұйрығы
Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 65-бабының 3-тармағына және Қазақстан Республикасы Энергетика министрі міндетін атқарушының 2016 жылғы 27 шілдедегі № 345 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 14155 болып тіркелген) Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін орналастыру жоспарын қалыптастыру қағидаларының 7-1-тармагының 1) және 3) тармақшаларына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН: 1. «Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін орналастыру жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 24 ақпандағы № 68 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жанартылатын энергия кездерін пайдалану объектілерін орналастыру жоспары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Жаңартылатын энергия көздері департаменті осы бұйрықты 3 (үш) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырсын. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Энергетика министрінің 2025 жылғы 8 қыркүйектегі № 341-н/қ бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 24 ақпандағы № 68 бұйрығымен бекітілген
Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі объектілерді орналастыру жоспары
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 0 тг
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |