|
|
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ
2022 – 2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы (2022.12.05. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
2022.12.05. № 121-VII ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара) 1-бап. 2022 – 2024 жылдарға арналған республикалық бюджет тиісінше осы Заңға 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2022 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін: 1) кiрiстер – 15 664 981 259 мың теңге, оның iшiнде: салықтық түсiмдер бойынша – 9 816 780 519 мың теңге; салықтық емес түсiмдер бойынша – 343 224 400 мың теңге; негiзгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдер бойынша – 2 251 000 мың теңге; трансферттер түсiмдерi бойынша – 5 502 725 340 мың теңге; 2) шығындар – 18 062 677 021 мың теңге; 3) таза бюджеттiк кредиттеу – 494 481 197 мың теңге, оның iшiнде: бюджеттiк кредиттер – 646 297 309 мың теңге; бюджеттiк кредиттердi өтеу – 151 816 112 мың теңге; 4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 86 085 873 мың теңге, оның iшiнде: қаржы активтерiн сатып алу – 86 085 873 мың теңге; 5) бюджет тапшылығы – -2 978 262 832 мың теңге немесе елдiң жалпы iшкi өнiмінің 3,3 пайызы; 6) бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығы – -9 342 602 832 мың теңге немесе елдiң жалпы iшкi өнiмінің 10,2 пайызы; 7) бюджет тапшылығын қаржыландыру – 2 978 262 832 мың теңге.
2022.12.05. № 121-VII ҚР Заңымен 2-бап жаңа редакцияда (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара) 2-бап. 2022 жылға арналған республикалық бюджетте Ресей Федерациясының «Байқоңыр» кешенін пайдаланғаны үшін 52 143 587 мың теңге сомасында және әскери полигондарды пайдаланғаны үшін 9 217 940 мың теңге сомасында жалдау төлемақыларының түсiмдері көзделсiн.
3-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жiберiлетiн 2022 жылға арналған түсiмдердiң көлемдерi осы Заңға 4-қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
4-бап. Тиiстi бюджеттiң кiрiсiне мыналар есепке жатқызылатын болып белгiленсiн: 1) Бiрыңғай бюджеттiк сыныптаудың бюджет түсімдері сыныптамасының «Пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық» коды бойынша – жер қойнауын пайдаланушылардың роялти бойынша берешегі, сондай-ақ салық режимі тұрақтылығының кепілдіктері сақталатын жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша роялти; 2) Бiрыңғай бюджеттiк сыныптаудың бюджет түсімдері сыныптамасының «Әлеуметтiк салық» коды бойынша – бұрын Зейнетақы қорына, Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталыққа, Мiндеттi медициналық сақтандыру қорына, Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына, Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қорына аударылып келген жарналар бойынша берешек, сондай-ақ автомобиль жолдарын пайдаланушылардың бұрын Жол қорына түсiп келген аударымдары. Бұл ретте салық режимі тұрақтылығының кепілдіктері сақталатын жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша қызметті жүзеге асыратын салық төлеушілер жоғарыда көрсетілген аударымдарды немесе әлеуметтік салықты «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» және «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес есептелген Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударымдардың сомасына азайтады.
5-бап. 2022 жылға арналған республикалық бюджетте облыстық бюджеттерден, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінен республикалық бюджетке бюджеттiк алып қоюлар көлемдері 490 436 982 мың теңге сомасында көзделсiн, оның iшiнде: Атырау облысынан – 220 960 446 мың теңге; Маңғыстау облысынан – 19 493 443 мың теңге; Алматы қаласынан – 211 516 094 мың теңге; Нұр-Сұлтан қаласынан – 38 466 999 мың теңге.
2022.12.05. № 121-VII ҚР Заңымен 6-бап жаңа редакцияда (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара) 6-бап. 2022 жылға арналған республикалық бюджетте облыстық бюджеттерден, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерінен трансферттердің түсімдері 432 288 358 мың теңге сомасында көзделсін. Облыстық бюджеттерден, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерінен трансферттердің түсімдерін бөлу Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен айқындалады.
2022.12.05. № 121-VII ҚР Заңымен 7-бап жаңа редакцияда (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара) 7-бап. 2022 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепiлдендірiлген трансферт мөлшерi 4 030 000 000 мың теңге сомасында көзделсiн.
8-бап. 2022 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан нысаналы трансферт Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған мақсаттарға 550 000 000 мың теңге сомасында көзделсін.
2022.12.05. № 121-VII ҚР Заңымен 9-бап өзгертілді (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара) 9-бап. 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап: 1) жалақының ең төмен мөлшерi – 60 000 теңге; 2) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төмен мөлшері – 19 450 теңге; 3) зейнетақының ең төмен мөлшерi – 46 302 теңге; 4) жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтiк төлемдердi есептеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айыппұл санкцияларын, салықтарды және басқа да төлемдердi қолдану үшiн айлық есептiк көрсеткiш – 3 063 теңге; 5) базалық әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерлерiн есептеу үшiн ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң шамасы – 36 018 теңге болып белгiленсiн. 2022 жылғы 1 сәуірден бастап: 1) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төмен мөлшері – 20 191 теңге; 2) зейнетақының ең төмен мөлшерi – 48 032 теңге; 3) жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтiк төлемдердi есептеу үшiн айлық есептiк көрсеткiш – 3 180 теңге; 4) базалық әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерлерiн есептеу үшiн ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң шамасы – 37 389 теңге болып белгiленсiн.
2022.12.05. № 121-VII ҚР Заңымен 10-бап жаңа редакцияда (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара) 10-бап. Жасына байланысты зейнетақы төлемдеріне және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдеріне жұмсалатын қаражат олардың мөлшерлерін: 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 7 пайызға; 2022 жылғы 1 сәуірден бастап 4 пайызға көтеру ескеріле отырып көзделген деп белгіленсін.
11-бап. 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына төлеуге жататын міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға мемлекет жарналарының мөлшері мемлекет жарналарын есептеу объектісінен 1,7 пайыз болып белгiленсiн.
12-бап. 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап әскери қызметшілерге (мерзiмдi қызметтегі әскери қызметшілерден басқа) және арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлеріне тұрғынжайды күтіп-ұстауға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге ақшалай өтемақының айлық мөлшерi 3 739 теңге сомасында белгiленсiн.
13-бап. 2022 жылға арналған республикалық бюджетте республикалық бюджеттен облыстық бюджеттерге және республикалық маңызы бар қала бюджетіне берiлетiн субвенциялар көлемдерi 2 124 711 058 мың теңге сомасында көзделсiн, оның iшiнде: Ақмола облысына – 160 207 769 мың теңге; Ақтөбе облысына – 111 182 382 мың теңге; Алматы облысына – 180 375 440 мың теңге; Шығыс Қазақстан облысына – 217 036 535 мың теңге; Жамбыл облысына – 194 453 904 мың теңге; Батыс Қазақстан облысына – 75 934 478 мың теңге; Қарағанды облысына – 128 583 789 мың теңге; Қызылорда облысына – 184 272 462 мың теңге; Қостанай облысына – 133 543 226 мың теңге; Павлодар облысына – 52 352 303 мың теңге; Солтүстiк Қазақстан облысына – 141 829 462 мың теңге; Түркістан облысына – 402 327 694 мың теңге; Шымкент қаласына – 142 611 614 мың теңге.
2022.12.05. № 121-VII ҚР Заңымен 14-бап өзгертілді (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара) 14-бап. 2022 жылға арналған ағымдағы нысаналы трансферттерді облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне: 1) ішкі істер органдары қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларын көтеруге; 2) объектілерді күзету функцияларын бәсекелес ортаға беруге; 3) арнаулы мекемелердің, айдауыл қызметінің, кезекші бөлімдердің және жедел басқару орталықтарының, кинологиялық бөлімшелердің қызметкерлеріне және учаскелік полиция инспекторларының көмекшілеріне тұрғын үй төлемдеріне; 4) ішкі істер органдарының азаматтық қызметшілері қатарындағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеруге; 4-1) ішкі істер органдарының қосымша штат санын ұстауға және материалдық-техникалық жарақтандыруға; 4-2) асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялауға; 5) инвестициялық салымдар кезінде балық шаруашылығы субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеуге; 6) инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеуге; 7) агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру және сақтандыру шеңберінде субсидиялауға; 8) агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржылық сауықтыру жөніндегі бағыт шеңберінде кредиттік және лизингтік міндеттемелер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға; 9) ауыл шаруашылығы жануарларын, техниканы және технологиялық жабдықтарды сатып алуға кредит беру, сондай-ақ лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялауға; 10) саны зиян тигізудің экономикалық шегінен жоғары зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерге және карантинді объектілерге қарсы өңдеу жүргізуге арналған пестицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) құнын субсидиялауға; 11) жеке және заңды тұлғаларға жеміс дақылдарының бактериялық күйігін жұқтырған жойылған жеміс-жидек дақылдарын отырғызу мен өсіруге шығындарын өтеуге; 11-1) ішкі нарыққа реттеушілік әсер ету үшін азық-түлік астығын өткізу кезінде агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық компанияның шеккен шығыстарын өтеуді субсидиялауға; 11-2) тыңайтқыштар (органикалықтарды қоспағанда) құнын субсидиялауға; 11-3) басым дақылдар өндірісін дамытуды субсидиялауға; 12) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті төлеуге; 13) үкіметтік емес ұйымдарда мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыруға; 14) Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз етуге және өмір сүру сапасын жақсартуға; 15) кохлеарлық импланттарға сөйлеу процессорларын ауыстыру және теңшеу жөніндегі көрсетілетін қызметтерге; 16) мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құруға жұмыс берушінің шығындарын субсидиялауға; 17) мемлекеттік ұйымдардың: стационарлық және жартылай стационарлық үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелер, үйде қызмет көрсету, уақытша болу ұйымдары, халықты жұмыспен қамту орталықтары қызметкерлерінің жалақысын көтеруге; 18) азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлерінің жалақысын көтеруге; 19) мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің еңбегіне ақы төлеуді ұлғайтуға; 20) мемлекеттік мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының дене шынықтыру педагогтеріне сабақтан тыс іс-шараларды өткізгені үшін қосымша ақы төлеуге; 21) мемлекеттік мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтеріне біліктілік санаты үшін қосымша ақы төлеуге; 22) үш жастан алты жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтуды қамтамасыз етуге; 23) мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының медицина қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеуді ұлғайтуға; 24) мемлекеттік орта білім беру ұйымдарында жан басына шаққандағы қаржыландыруды іске асыруға; 25) ересектерге арналған қосымша білім беру ұйымдарын қоспағанда, мемлекеттік білім беру ұйымдары педагогтерінің еңбегіне ақы төлеуді ұлғайтуға; 26) ересектерге арналған қосымша білім беру ұйымдарын қоспағанда, мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагогтеріне біліктілік санаты үшін қосымша ақы төлеуге; 27) мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының дене шынықтыру педагогтеріне сабақтан тыс іс-шараларды өткізгені үшін қосымша ақы төлеуге; 28) мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының әдістемелік орталықтарының (кабинеттерінің) әдіскерлеріне магистр дәрежесі үшін қосымша ақы төлеуге; 29) ересектерге арналған қосымша білім беру ұйымдарын қоспағанда, мемлекеттік білім беру ұйымдарының медицина қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеуді ұлғайтуға; 29-1) мұғалімдер тапшылығы бар өңірлерге тартылған, бастауыш, негізгі және жалпы орта білімнің оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының үздік педагогтеріне қосымша ақы төлеуге; 30) мемлекеттік техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының дене шынықтыру педагогтеріне сабақтан тыс іс-шараларды өткізгені үшін қосымша ақы төлеуге; 31) мемлекеттік техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің еңбегіне ақы төлеуді ұлғайтуға; 32) мемлекеттік техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтеріне біліктілік санаты үшін қосымша ақы төлеуге; 33) мемлекеттік техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы медицина қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеуді ұлғайтуға; 33-1) жастарды сұранысқа ие мамандықтар бойынша тегін техникалық және кәсіптік біліммен қамтамасыз етуге; 34) көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың балалары үшін жоғары білімі бар мамандарды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға; 35) медициналық ұйымның жыныстық құмарлықты төмендететін, сот шешімі негізінде жүзеге асырылатын іс-шараларды өткізуіне; 35-1) жергілікті деңгейдегі денсаулық сақтау ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыруға; 36) қаржы лизингі шарттарымен сатып алынған санитариялық көлік бойынша лизинг төлемдерін өтеуге; 37) вакциналарды және басқа да иммундық-биологиялық препараттарды сатып алуға; 38) саламатты өмір салтын насихаттауға; 39) ЖИТС профилактикасы және оған қарсы күрес жөніндегі іс-шараларды іске асыруға; 40) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың мемлекеттік стипендиясының мөлшерін ұлғайтуға; 41) жергілікті атқарушы органдардың денсаулық сақтау саласындағы ұйымдары қызметкерлерінің жалақысын көтеруге; 42) тергеу изоляторларында және қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде ұсталатын адамдарға медициналық көмек көрсетуге; 43) мемлекеттік мәдениет ұйымдарының және архив мекемелерінің басқарушы және негізгі персоналына мәдениет ұйымдарындағы және архив мекемелеріндегі ерекше еңбек жағдайлары үшін лауазымдық айлықақысына қосымша ақылар белгілеуге; 44) дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік ұйымдардың медицина қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеуді ұлғайтуға; 45) дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік орта және қосымша білім беру ұйымдары педагогтерінің еңбегіне ақы төлеуді ұлғайтуға; 46) кәсіпкерлік субъектілерінің санитариялық-гигиеналық тораптарды күтіп-ұстауға арналған шығындарының бір бөлігін субсидиялауға; 47) «Ауыл – Ел бесігі» жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым жөніндегі іс-шараларды іске асыруға; 48) 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін жас кәсіпкерлерге мемлекеттік гранттар беруге; 48-1) мәслихаттар депутаттары қызметінің тиімділігін арттыруға; 48-2) жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға; 49) көлiк инфрақұрылымының басым жобаларын қаржыландыруға; 50) жұмыс істейтін жастарға коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғынжайын сатып алуға; 51) аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері сайлауын қамтамасыз етуге және өткізуге бөлу Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде айқындалады. Облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінің осы баптың бірінші бөлігінің 4-2), 14), 15) және 41) тармақшаларында көрсетілген 2022 жылға арналған ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде айқындалады.
15-бап. Нәтижелі жұмыспен қамтуды дамытуға арналған қаражатты бөлу және (немесе) пайдаланудың тәртiбi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi негiзiнде айқындалады.
16-бап. «Қарағандышахтатарату» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне берілген, таратылған шахталардың жұмыскерлеріне келтірілген залалды өтеуге берілетін қаражатты бөлу және (немесе) пайдаланудың тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде айқындалады.
2022.12.05. № 121-VII ҚР Заңымен 17-бап жаңа редакцияда (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара) 17-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылға арналған резерві 479 557 121 мың теңге сомасында бекітілсін.
18-бап. 2022.12.05. № 121-VII ҚР Заңымен алып тасталды (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
2022.12.05. № 121-VII ҚР Заңымен 19-бап жаңа редакцияда (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара) 19-бап. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің 2022 жылға арналған шығындарының құрамында мемлекеттiк материалдық резервті қалыптастыруға және сақтауға республикалық бюджет кірістерінде жаңарту тәртібінде шығарылған материалдық құндылықтарды өткізуден түскен 2 251 000 мың теңге сомасындағы қаражат көрсетіле отырып, 15 416 774 мың теңге сомасында қаражат көзделгені ескерілсін.
2022.12.05. № 121-VII ҚР Заңымен 20-бап жаңа редакцияда (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара) 20-бап. Қазақстан Республикасы Индустрия жəне инфрақұрылымдық даму министрлігінің 2022 жылға арналған шығындарының құрамында мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару шарты бойынша міндеттемелерді орындауға «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамына аудару үшін 94 304 381 мың теңге сомасында қаражат көзделгені ескерілсін.
2022.12.05. № 121-VII ҚР Заңымен 20-1-баппен толықтырылды (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) 20-1-бап. 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес 2022 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша таратылған заңды тұлғаларға мемлекеттік кепілдіктер бойынша міндеттемелерді орындауға бөлінген кредиттер мен қаражат жөніндегі, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлғалардың тізбесі және берешек көлемдері жөніндегі талаптары тоқтатылады деп белгіленсін.
21-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепiлдiктерiн беру лимитi 2022 жылы 1 000 000 000 мың теңге мөлшерiнде белгiленсiн.
2022.12.05. № 121-VII ҚР Заңымен 22-бап жаңа редакцияда (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара) 22-бап. 2022 жылы экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктер беру лимиті 210 000 000 мың теңге мөлшерінде белгіленсін.
2022.12.05. № 121-VII ҚР Заңымен 23-бап жаңа редакцияда (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара) 23-бап. 2022 жылға мемлекеттiң кепiлгерлiк беру лимиті қолданылмайды деп белгіленсін.
2022.12.05. № 121-VII ҚР Заңымен 24-бап жаңа редакцияда (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара) 24-бап. 2022 жылғы 31 желтоқсанға үкiметтiк борыш лимитi 21 494 600 000 мың теңге мөлшерiнде белгiленсiн.
2022.12.05. № 121-VII ҚР Заңымен 25-бап жаңа редакцияда (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара) 25-бап. 2022 жылға Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің, оның ішінде мемлекеттік концессиялық мiндеттемелерінің лимитi 3 132 996 252 мың теңге мөлшерінде белгіленсін.
26-бап. 2022 жылға арналған республикалық бюджеттi атқару процесiнде секвестрлеуге жатпайтын республикалық бюджеттiк бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) тiзбесi осы Заңға 5-қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн. 2022 жылға арналған жергiлiктi бюджеттердi атқару процесiнде осы Заңға 6-қосымшаға сәйкес жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалар секвестрлеуге жатпайды деп белгiленсiн.
27-бап. Осы Заң 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Президенті
Қ. ТОҚАЕВ
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2021 жылғы 2 желтоқсан № 77-VII
2022.12.05. № 121-VII ҚР Заңымен 1-қосымша жаңа редакцияда (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара) «2022 - 2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2021 жылғы 2 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының № 77-VII Заңына 1-ҚОСЫМША
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |