ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАРЛЫҒЫ
«Мәслихаттың үлгі регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 3 желтоқсандағы № 704 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. «Мәслихаттың үлгі регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 3 желтоқсандағы № 704 Жарлығына мынадай өзгеріс енгізілсін: жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мәслихаттың үлгі регламенті (бұдан әрі – Регламент) осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Осы Жарлық 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін Регламенттің 6-тарауының 4-параграфын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2021 жылғы 13 желтоқсан
№ 715
Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 13 желтоқсандағы № 715 Жарлығына ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 3 желтоқсандағы № 704 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН
Мәслихаттың үлгі регламенті
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Мәслихаттың үлгі регламенті (бұдан әрі – Регламент) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 9-бабына сәйкес әзірленді және мәслихаттың сессияларын, оның органдарының отырыстарын өткізу, оларға білім беру және мәслихат органдарын сайлау мәселелерін енгізу және қарау, олардың қызметі туралы есептерді, халық алдында мәслихаттың атқарған жұмысы және оның тұрақты комиссияларының қызметі туралы есептерді тыңдау, депутаттық сауалдарды, өкілеттіктерін қарау тәртібін, мәслихаттағы депутаттық бірлестіктердің қызметін ұйымдастыруды, сондай-ақ дауыс беру тәртібін, аппарат жұмысын ұйымдастыруды және басқа да рәсімдік және ұйымдастырушылық мәселелерді белгілейді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|