Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы нұсқаулықты бекіту туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 1999 жылғы 22 ақпандағы № 14 бұйрығы (2023.11.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2024 жылғы 23 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Әділет министрінің 2013.27.02. № 66 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
ҚР Әділет министрінің 2013.27.02. № 66 бұйрығымен бұйрық жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) «Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 4-тармағын іске асыру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН: 1. Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы нұсқаулық бекітілсін.
Министр
ҚР Әділет министрінің 2013.27.02. № 66 бұйрығымен ереже жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Әділет министрінің 2016.29.01. № 55 бұйрығымен (2016 ж. 1 наурызынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); ҚР Әділет министрінің м.а. 2020.28.05. № 65 бұйрығымен (бұр.ред.қара) нұсқаулық жаңа редакцияда Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 1999 жылғы 22 ақпандағы № 14 бұйрығымен бекітілді
Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы нұсқаулық
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы осы нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) «Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы» 1998 жылғы 30 маусымдағы № 254 Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 5-бабына сәйкес әзірленген және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу бойынша мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайды. Нұсқаулық Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қолдануына жатады, заңнамаға сәйкес оған жылжымалы мүлік кепілінің жекелеген түрлерін тіркеу жүктелген. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|