Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі негізінде Қазақстан Республикасының аумағында қадағаланатын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын және (немесе) тас көмірді әкімшілендіруді жетілдіру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидаларын бекіту туралы
Осы редакция 2022 жылғы 16 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 68-бабының 1-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі негізінде Қазақстан Республикасының аумағында қадағаланатын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын және (немесе) тас көмірді әкімшілендіруді жетілдіру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын; 3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2022 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылады.
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2022 жылғы 13 сәуірдегі № 405 бұйрығына қосымша
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|