Қазақстан Республикасының магистральдық құбыр туралы заңнамасын сақтауды тексеру парағын бекіту туралы
Осы редакция 2018 жылғы 19 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі 143-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ: 1. Осы бірлескен бұйрықтың қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының магистральдық құбыр туралы заңнамасын сақтауды тексеру парағы бекітілсін. 2. «Қазақстан Республикасының магистральдық құбыр туралы заңнамасын сақтау саласында тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін және тексеру парағының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 30 маусымдағы № 478 және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 22 маусымдағы № 419 бірлескен бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11828 болып тіркелді, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 7 қыркүйекте жарияланды) күші жойылды деп танылсын. 3. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|