ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2024.18.04. № 142 бұйрығымен 1-қосымша жаңа редакцияда (2024 ж. 25 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2020 жылғы 22 мамырдағы № 117 бұйрығығына 1-қосымша
«Су объектілерінің сарқылуына жол бермеуге бағытталған су қорғау іс-шараларын келісу» (2024.25.06. берілген өзгерістермен)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы «Су объектілерінің сарқылуына жол бермеуге бағытталған су қорғау іс-шараларын келісу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және «Су объектілерінің сарқылуына жол бермеуге бағытталған су қорғау іс-шараларын келісу» мемлекеттік қызмет көрсету (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды. 2. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Геология комитетiнiң өңiраралық департаменттерi (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. 3. Қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) көрсетіледі.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушылар көрсетілетін қызметті берушіге осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы (бұдан әрі - Портал) электрондық түрде өтініш береді. Мемлекеттік қызмет көрсету нысанын және нәтижесін қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес «Су объектілерінің сарқылуына жол бермеуге бағытталған су қорғау іс-шараларын келісу» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде (бұдан әрі - Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі) жазылған. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|