|
|
|
Қазақстан Республикасының (2016.26.07. берілген өзгерістермен)
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 13, 99-құжат; 2005 ж., № 9, 26-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 79, 83-құжаттар; № 16, 97-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 14, 105-құжат; № 15, 106, 109-құжаттар; № 16, 129-құжат; № 17, 139-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 15-16, 64-құжат; № 21, 95-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 13-14, 62-құжат; № 15-16, 76-құжат; № 17, 79-құжат; № 18, 84, 86-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 49, 50-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 13, 114-құжат; № 15, 120-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 11-құжаттар; № 3, 27-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 80-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар, № 15, 77, 79, 81-құжаттар; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 8, 44-құжат; № 11, 63, 64-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 118, 122-құжаттар; № 23, 143-құжат; № 24, 145-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 11, 57-құжат; № 19-I, 99, 101-құжаттар; № 19-II, 103-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115, 117-құжаттар; № 21-I, 124, 126-құжаттар; № 22-II, 145-құжат; № 22-VI, 159-құжат): 43-бап мынадай мазмұндағы 1-2-тармақпен толықтырылсын: «1-2. Су объектісінің жағалау жиегінен бес жүз метр шекте орналасқан жер учаскелерін беру, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен мемлекеттік орман қорының жерлерін қоспағанда, су қорғау аймақтары мен белдеулерінің шекараларын айқындағаннан, сондай-ақ олардың шаруашылық пайдаланылу режимін белгілегеннен кейін жүзеге асырылады. Жағалау жиегін айқындау тәртібі су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру саласындағы уәкілетті орган бекіткен су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу қағидаларында айқындалады.». 2. 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Су кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 17, 141-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 19, 147-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 2-3, 15-құжат; № 15-16, 76-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 3, 27-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 79, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 10-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 11, 57-құжат; № 19-II, 103-құжат; № 20-IV, 113-құжат): 1) мазмұнында: 116-баптың тақырыбындағы «және су шаруашылығы құрылыстарының» деген сөздер алып тасталсын; 2) 1-бапта: 28) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «28) су қорғау аймағы - судың ластануын, қоқыстануын және сарқылуын болғызбау үшін шаруашылық қызметтің арнайы режимі белгіленетін су объектілеріне іргелес аумақ;»; мынадай мазмұндағы 43-1), 46-1) және 46-2) тармақшалармен толықтырылсын: «43-1) су сапасының стандарттары - жерүсті су объектілері жай-күйінің нысаналы көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін сақталуға тиіс судың шекті гидрохимиялық, микробиологиялық, физикалық сипаттамаларының сандық көрсеткіштері;»; «46-1) су тұтынудың немесе су бұрудың үлестік нормасы - жеке және заңды тұлғалардың су пайдалануы кезінде өндірілетін өнімнің бір бірлігіне (орындалатын жұмыстың белгілі бір көлеміне) тұтынылатын немесе бөлінетін сарқынды судың белгіленген мөлшері; 46-2) су тұтынудың немесе су бұрудың ірілендірілген нормасы - экономика салалары үшін су тұтынудың немесе су бұрудың үлестік нормасы;»; 3) 37-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 4-3) тармақшамен толықтырылсын: «4-3) су тұтынудың және су бұрудың үлестік нормаларын әзірлеу жөніндегі әдістемені әзірлейді және бекітеді;»; 4) 40-баптың 2-тармағында: 23) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «23) арнайы су пайдалану құқығын жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың суды алу немесе ағызу құрылыстарында немесе құрылғыларында орнатылатын суды есепке алу аспаптарын пломбалайды;»; мынадай мазмұндағы 25) тармақшамен толықтырылсын: «25) тіркеу шифрларын беру үшін бөгеттердің қауіпсіздігі декларациясын тіркейді.»; 5) 56-баптың 3 және 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын: «3. Уәкілетті орган қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша жерүсті су объектілері үшін уәкілетті орган бекіткен су объектілеріндегі су сапасын жіктеудің бірыңғай жүйесі негізінде олардағы су сапасының стандарттарын әзірлейді және бекітеді. 4. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың қоршаған ортаны қорғау саласындағы жергілікті атқарушы органдары қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен бірлесе отырып, уәкілетті орган бекіткен әдістеме негізінде жерүсті су объектілеріндегі су сапасының нысаналы көрсеткіштері мен оларға қол жеткізу жөніндегі іс-шараларды әзірлейді.»; 6) 69-бап мынадай редакцияда жазылсын: «69-бап. Бастапқы және қайталама су пайдалану 1. Өз мұқтаждықтарын қанағаттандыру және (немесе) қайталама су пайдаланушыларға беру үшін тікелей су объектілерінен су алуды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың су пайдалануы бастапқы су пайдалану болып табылады. 2. Басқа су пайдаланушылармен жасалған шарттардың негізінде олардан су алатын жеке және заңды тұлғалардың су пайдалануы қайталама су пайдалану болып табылады. 3. Қайталама су пайдалануға арналған шартта су пайдалану мақсаты және арнайы су пайдалануға арналған рұқсатта көрсетілген көлемдер ескеріле отырып, оны пайдаланудың негізгі шарттары көрсетіледі. Қайталама су пайдалануға арналған шартта су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемді жүзеге асыру бойынша қайталама су пайдаланушыға қойылатын талаптар қамтылуға тиіс.»; 7) 72-баптың 7) және 13) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын: «7) арнайы су пайдалануға арналған рұқсатта немесе қайталама су пайдалануға арналған шартта айқындалған су пайдалану шарттарын, сондай-ақ бақылаушы органдардың нұсқамаларын белгіленген мерзімдерде толық көлемде орындауға;»; «13) уәкілетті органмен, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті органмен, жер қойнауын зерделеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының оң шешімінсіз ауызсумен жабдықтауға байланысты емес мақсаттар үшін ауызсу сапасындағы жерасты суларын пайдалануға жол бермеуге;»; 8) 82-бап мынадай редакцияда жазылсын: «82-бап. Су пайдалану лимиттері 1. Бассейндер және облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бөлігінде су пайдалану лимиттері бассейндік схемаларға сәйкес он жылдық кезеңге белгіленеді және оларды уәкілетті орган бекітеді. 2. Осы баптың 1-тармағына сәйкес белгіленетін су пайдалану лимиттері негізінде уәкілетті органның өңірлік органдары облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана, аудандар және бастапқы су пайдаланушылар бөлігінде ағымдағы жылдың сулылығы болжамын, су объектілерінің экологиялық және санитариялық-эпидемиологиялық жай-күйін, сондай-ақ өңірлердің әлеуметтік-экономикалық даму деңгейін ескере отырып, су пайдалану лимиттерін белгілейді. Суға деген қажеттіліктерді жыл сайын қалыптастыру қайталама су пайдаланушылардың су тұтыну және су бұру көлемдерінің негіздемесі бойынша есеп-қисаптарға негізделген бастапқы су пайдаланушылардың өтінімдері бойынша жүзеге асырылады. Қайталама су пайдаланушылар үшін су беру көлемдері белгіленген су пайдалану лимиттері ескеріле отырып, қайталама су пайдалануға арналған шарттарда айқындалады. 3. Су аз болған жылдары су пайдалануды жедел реттеу мақсатында уәкілетті органның өңірлік органы бастапқы су пайдаланушыларға ресми хабарлама жіберу арқылы су объектісінен су алуды шектеу не тоқтата тұру жөніндегі шараларды қабылдайды. Су аз болған жылдары кепілдікті қамтамасыз етуге есептелген өнеркәсіп кәсіпорындары, су орташа аз болған жылдары кепілдікті қамтамасыз етуге есептелген суармалы егіншілік және сулылығы орташа жылы кепілдікті қамтамасыз етуге есептелген жайылма суару ауызсумен жабдықтаудан және табиғатты қорғау мақсатында су жіберулерден кейін басымдықты болып табылады. Жедел реттеу шаралары қабылданғаннан кейін су пайдалану лимиті түзетуге жатады.»; 9) 86-бапта: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Су алу және пайдалану көлемдерін азайту жөніндегі талаптарға экономиканың барлық салаларында әртүрлі технологиялық процестерге су жұмсау нормативтерін және су тұтыну мен су бұру нормаларын қайта қарау арқылы қол жеткізіледі.»; 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «3. Мемлекеттiк органдар, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары және су пайдаланушылар судың жұмсалуын, тасымалдайтын желiлердегi, су тұтыну нүктелерiндегi судың ысырабын есепке алуды ұйымдастыруды және су объектiлерiнен су алу көлемдерiн қысқарту мүмкiндiгiн жыл сайын талдап отыруға мiндеттi. Уәкілетті орган экономиканың жекелеген салалары үшін су тұтынудың және су бұрудың ірілендірілген нормаларын бес жылда бір реттен сиретпей әзірлейді және бекітеді. Су тұтынудың және су бұрудың ірілендірілген нормалары су ресурстарын кешенді пайдалану және қорғау схемаларын және Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын әзірлеу кезінде ескеріледі. Су пайдаланушылар су тұтынудың және су бұрудың ірілендірілген нормалары негізінде уәкілетті орган бекіткен әдістемеге сәйкес су тұтынудың және су бұрудың үлестік нормаларын бес жылда бір реттен сиретпей әзірлейді. Су тұтынудың және су бұрудың үлестік нормалары су тұтыну мен су бұру көлемдерінің негіздемесі бойынша есеп-қисаптар кезінде ескеріледі.»; 10) 90-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «6. Жерүсті су объектілері жоқ, бірақ ауызсу сапасындағы жерасты суларының жеткілікті қорлары бар аумақта облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары тиісті негіздеме болғанда уәкілетті органмен, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті органмен, жер қойнауын зерделеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша осы суларды халықтың ауызсуға мұқтаждықтарын қанағаттандырумен байланысты емес мақсаттар үшін пайдалануға оң қорытынды береді.»; 11) 92-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «1. Халықты орталықтандырылмаған ауызсумен жабдықтау кезінде жеке және заңды тұлғалар уәкілетті орган белгілеген тәртіппен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары су пайдалануды міндетті түрде тіркеп, тұтастай алғанда осы су объектілеріне халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті органның оң қорытындысы болғанда тікелей жерүсті және жерасты су объектілерінен су алуға құқылы. Өз мұқтаждықтары үшін орталықтандырылмаған ауызсумен жабдықтауды жүзеге асыратын жеке тұлғалар тіркеуді ерікті негізде жүзеге асырады. Су объектілерінен тәулігіне елу текше метрге дейінгі көлемде су алу кезінде халықты орталықтандырылмаған ауызсумен жабдықтау арнайы су пайдалануға рұқсат алуды талап етпейді.»; 12) 111-бапта: 3-тармақ алып тасталсын; 2-тармақтың 12) тармақшасының үшінші және төртінші абзацтары 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын: «3-1. Уәкілетті орган бекіткен, бөгеттерді декларацияланатын бөгеттерге жатқызу өлшемшарттарына сәйкес келетін тежеуiш гидротехникалық құрылыстарды бөгеттердің қауіпсіздігін декларациялаусыз пайдалануға тыйым салынады.»; 6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «6. Декларацияның тіркеу шифрын беру үшін өтініш беруші уәкілетті органға сараптама қорытындысының көшірмесімен бірге өтініш пен декларацияның көшірмесін ұсынады. Уәкiлеттi орган ұсынылған құжаттарды қарап, декларацияны тiркеу туралы шешiм қабылдайды не уәждi бас тартуды бередi. Уәкiлеттi орган тiркеген декларацияның көшірмесі уәкiлеттi органда сақталады.»; 13) 116-бапта: тақырыптағы және 1-тармақтағы «және су шаруашылығы құрылыстарының», «және су шаруашылығы құрылыстарын» деген сөздер алып тасталсын; 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «2. Су қорғау аймақтарын, белдеулерін және оларды шаруашылықта пайдалану режимін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары уәкілетті органмен, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті органмен, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен, жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық органмен, ал сел қаупі бар аудандарда - азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісіліп, бекітілген жобалау құжаттамасы негізінде белгілейді. Бұл ретте жобалау құжаттамасын әзірлеу он айдан аспайтын мерзімде жүзеге асырылады. Жобалау құжаттамасын қарау, келісу және бекіту мерзімі оны облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарына берген күннен бастап екі айдан аспауға тиіс. Су қорғау аймақтары мен белдеулерін, сондай-ақ оларды шаруашылықта пайдалану режимін белгілеу жобалау құжаттамасы бекітілген күннен бастап бір ай ішінде жүзеге асырылуға тиіс. Су объектісінің шекаралары табиғи немесе жасанды өзгертілген жағдайларда, су қорғау аймақтары мен белдеулерінің белгіленген шекаралары осы тармақтың бірінші бөлігінде айқындалатын тәртіппен және мерзімдерде нақтылануға жатады.»; 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «5. Су қорғау аймақтары мен белдеулерінің шекараларын белгілеу қағидаларын уәкілетті орган бекітеді.». 3. 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 1, 1-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 11-12, 55-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 129-құжат; № 21, 161-құжат; 2012 ж., № 3, 27-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат, № 12, 57-құжат, № 14, 72, 75-құжаттар, 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 10-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 11, 57-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 22-I, 141-құжат; № 22-II, 144-құжат; № 22-V, 156-құжат; 2016 ж., № 1, 2-құжат): 1) мазмұнында: 19-1 және 20-1-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын: «19-1-бап. Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті өкілді органдарының коммуналдық шаруашылық саласындағы құзыретi»; «20-1-бап. Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарының коммуналдық шаруашылық саласындағы құзыретi»; мынадай мазмұндағы 292-1 және 297-1-баптардың тақырыптарымен толықтырылсын: «292-1-бап. Жекелеген қалдық түрлерімен және олардың өмірлік цикл процестерімен жұмыс істеу жөніндегі экологиялық талаптар»; «297-1-бап. Тұтыну қалдықтарының қайталама шикізатқа өтуі»; 2) 1-бап мынадай мазмұндағы 15-1), 20-1) және 30-1) тармақшалармен толықтырылсын: «15-1) коммуналдық қалдықтарды бөлек жинау - кейіннен кәдеге жаратуды, қайта өңдеуді және жоюды қамтамасыз ету үшін қалдықтардың типіне және құрамына қарай коммуналдық қалдықтар бөлек жиналатын процесс;»; «20-1) қайталама шикізат - тұтыну қалдықтарын бөлек жинау, сұрыптау, ұнтақтау, сығымдау немесе оларға басқа да әсер ету тәсілдері процесінде алынған материалдар және (немесе) өнім алу үшін кәдеге жаратуға және (немесе) қайта өңдеуге дайындалған тұтыну қалдықтары;»; «30-1) қалдықтарды уақытша сақтау - өз қызметі нәтижесінде түзілетін өндіріс және тұтыну қалдықтарын тұлғалардың оларды кейiннен кәдеге жарату, қайта өңдеу, сондай-ақ қайта өңдеуге немесе кәдеге жаратуға жатпайтын қалдықтарды жою жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын ұйымдарға беру үшін жобалау құжаттамасында айқындалған уақытша сақтау орындарында және мерзімдерге (бірақ алты айдан асырмай) жинап қоюы;»; 3) 5-бап мынадай мазмұндағы 11-1) тармақшамен толықтырылсын: «11-1) өндiрiс және тұтыну қалдықтарын қайталама ресурстар ретiнде пайдаланудың басымдығы;»; 4) 17-бапта: мынадай мазмұндағы 1-8), 1-9) және 28-12) тармақшалармен толықтырылсын: «1-8) құзыреті шегінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы нормативтік-техникалық құжаттарды әзірлейді және бекітеді; 1-9) құзыреті шегінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы әдістемелік ұсынымдарды әзірлейді және бекітеді;»; «28-12) спутниктік навигациялық жүйелер деректері бойынша қалдықтарды әкетуге мамандандырылған көлік құралдарының қозғалысын қадағалаудың ақпараттық жүйесін жүргізуді жүзеге асыратын ұйымды айқындайды;»; 29) тармақша мынадай мазмұндағы қырық бесінші, қырық алтыншы және қырық жетінші абзацтармен толықтырылсын: «қалдықтарды түгендеу жөніндегі есеп нысанын және оны толтыру жөніндегі нұсқаулықты; қалдықтарды орналастыру объектілері бойынша кадастрлық істерді толтыру нысанын; тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифті есептеу әдістемесін бекітеді.»; 5) 19-1-бап мынадай редакцияда жазылсын: «19-1-бап. Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті өкілді органдарының коммуналдық шаруашылық саласындағы құзыретi Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті өкілді органдары коммуналдық шаруашылық саласында: 1) коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекітеді; 2) тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтерді бекітеді; 3) сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекітеді; 4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»; 6) 20-1-бап мынадай редакцияда жазылсын: «20-1-бап. Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарының коммуналдық шаруашылық саласындағы құзыретi Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары коммуналдық шаруашылық саласында: 1) коммуналдық қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады; 2) коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын әзірлейді және аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi өкілді органдарына бекітуге ұсынады; 3) өндiрушiлердiң (импорттаушылардың) кеңейтiлген мiндеттемелерi операторымен бiрлесiп, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган әзiрлейтiн және бекiтетiн әдiстемеге сәйкес есептелген тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, әкету, кәдеге жарату, қайта өңдеу және көму тарифтерiн әзiрлейдi және аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi өкiлдi органдарына бекiтуге ұсынады; 4) өндiрушiлердiң (импорттаушылардың) кеңейтiлген мiндеттемелерi операторымен бiрлесiп, тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, әкету, кәдеге жарату, қайта өңдеу және көму жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын субъектiлер арасындағы тарифтердiң мөлшерi мен оларды бөлу тәртiбiн айқындайды; 5) сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын әзірлейді және аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi өкілді органдарына бекітуге ұсынады; 6) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергiлiктi атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»; 7) 95-бапта: 2-1) тармақша алып тасталсын; мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын: «6-1) өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері;»; 8) 152-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын: «Өндiрiс пен тұтыну қалдықтарының мемлекеттiк кадастрын жүргiзудi қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның ведомстволық бағынысты ұйымы жүзеге асырады.»; 9) 154-бапта: 1-тармақта: 2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «2) қалдықтарды түгендеу жөніндегі есепті;»; 3) тармақша алып тасталсын; мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын: «1-1. Осы баптың 1-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды толтыру нысанын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.»; 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «2. Осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген құжаттама есепті жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша 1 наурызына дейін қағаз және (немесе) электрондық жеткізгіштерде ақпараттық жүйенің экрандық нысанын толтыру және ақпаратты беруге жауапты табиғат пайдаланушының лауазымды адамының электрондық цифрлық қолтаңба қоюы арқылы жыл сайын ұсынылады. Осы баптың 1-тармағының 1) және 4) тармақшаларында көрсетілген құжаттама өзгерген жағдайда, ол қағаз және (немесе) электрондық жеткізгіштерде ақпараттық жүйенің экрандық нысанын толтыру және ақпаратты беруге жауапты табиғат пайдаланушының лауазымды адамының электрондық цифрлық қолтаңба қоюы арқылы қайтадан ұсынылады.»; 10) 155-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «2. Қалдықтардың мемлекеттік кадастры қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйесінде, интернет-ресурсында орналастырылады және жаңартылады.»; 11) 269-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «2. Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде мемлекеттік қорық аймағында шаруашылық қызметті жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы теңіз ортасына келеңсіз әсерді болдырмау мақсатында, мұзбен жабылған теңіз акваториясында қысқы кезеңдегі мониторингті қоспағанда, барлық келісімшарт аумағы бойынша қоршаған ортаның жыл сайынғы өндірістік мониторингін (климаттық маусымдар бойынша) жүргізуге міндетті.»; 12) 280-бап мынадай мазмұндағы 3 және 4-тармақтармен толықтырылсын: «3. Жойылуы қиын органикалық ластауыштар экологиялық қауіпсіз тәсілмен жойылуға жатады. Бөлінетін газдарды кешенді тазаламайынша жойылуы қиын органикалық ластауыштарды және құрамында хлор бар қалдықтарды жоюға арналған технологияларды пайдалануға тыйым салынады. Бұл ретте бөлінетін газдарды кешенді тазалау тазартылған бөлінетін газдарда диоксиндер мен фурандардың 0,1 нг/м3 аспайтын концентрацияда болуын қамтамасыз етуге тиіс. 4. Азық-түлікті немесе мал азықтарын өндіруге және қайта өңдеуге байланысты жерлерде жойылуы қиын органикалық ластауыштарды пайдалануға тыйым салынады.»; 13) 283-бапта: 4-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: «Бөгде ұйымдардан қабылданатын қалдықтарды жинау, тасымалдау, кәдеге жарату, қайта өңдеу және көму жөніндегі операцияларды орындайтын субъектілер Қазақстан Республикасының стандарттарында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келуге тиіс және олар қалдықтардың меншік иесіне берілген кезінен бастап қалдықтармен қауіпсіз жұмыс істеуге жауапты болады.»; мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын: «6. Қалдықтарды жинау, тасымалдау, кәдеге жарату, қайта өңдеу және көму жөніндегі операцияларды орындайтын субъектілерге қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының стандарттарында белгіленеді. Қалдықтарды жинау, кәдеге жарату, қайта өңдеу, сақтау, орналастыру немесе жою жөніндегі операцияларды орындайтын субъектілерге қойылатын стандарттардың талаптары дара кәсіпкерлердің және ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті.»;
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |