Су қорғау аймақтары мен белдеулерін және оларды шаруашылықта пайдаланудың режимі мен ерекше жағдайларын белгілеу жөніндегі әкімдіктің кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы
Қостанай облысы әкімдігінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 344 Қаулысымен күші жойылды
2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су Кодексінің 39-бабына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 24 маусымдағы № 29 «Қостанай облысының Таран ауданын қайта атау туралы» Жарлығына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қостанай облысы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер енгізілсін. 2. «Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте: 1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін; 2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін. 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін. 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2020 жылғы 21 ақпандағы № 76 қаулысына қосымша
Қостанай облысы әкімдігінің өзгерістер енгізілетін кейбір қаулыларының тізбесі
1. Қостанай облысы әкімдігінің «Золотая рыбка» туристік базасына қызмет көрсету және пайдалануға беруге арналған, Таран ауданында орналасқан телімде Қаратомар су бөгенінің су қорғау аймағы мен белдеуін, оларды шаруашылық пайдаланудың режимі мен ерекше жағдайларын белгілеу туралы» 2010 жылғы 9 наурыздағы № 93 қаулысында (2010 жылғы 28 сәуірде «Қостанай таңы» газетінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3712 болып тіркелген): тақырып жаңа редакцияда жазылсын: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|