Жария мүдделі ұйымдардың (қаржы ұйымдарынан басқа) жариялауы үшін жылдық қаржылық есептіліктің тізбесі мен нысандарын бекіту туралы (2019.01.07. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2022 жылғы 2 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептiлiк туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы Заңының 20-бабы 5-тармағының 18-1) тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған: 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жария мүдделі ұйымдардың (қаржы ұйымдарынан басқа) жариялауы үшін жылдық қаржылық есептілік тізбесі; 2) жария мүдделі ұйымдардың (қаржы ұйымдарынан басқа) жариялауы үшін жылдық қаржылық есептілік нысандары: осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Бухгалтерлік баланс» нысаны; осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Пайда мен шығындар туралы есеп» нысаны; осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес «Ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп (тікелей әдіс)» нысаны; осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес «Ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп (жанама әдіс)» нысаны; осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес «Капиталдағы өзгерістер туралы есеп» нысаны бекітілсін. 2. «Жария мүдделі ұйымдардың (қаржылық ұйымдарынан басқа) жариялауы үшін жылдық қаржылық есептіліктің тізбесі мен нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 143 (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10641 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 18 мамырда жарияланған) бұйрығының күші жойылды деп танылсын. 3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп және аудит әдіснамасы департаменті (А.Т. Бектұрова) заңнамада белгіленген тәртіппен: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|