|
2018-2020 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы
Осы редакция 2018 жылғы 22 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеттік Кодексінің 8-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 30 қарашадағы «2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңына сәйкес Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: 1. 2018-2020 жылдарға арналған облыстық бюджет тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде, 2018 жылға мынадай көлемде бекітілсін: 1) кірістер - 136 847 239 мың теңге, оның ішінде: салықтық түсімдер - 36 239 172 мың теңге; салықтық емес түсімдер - 3 410 305 мың теңге; трансферттер түсімдері - 97 197 762 мың теңге; 2) шығындар - 136 821 586 мың теңге; 3) таза бюджеттік кредит беру - - 876 535 мың теңге, оның ішінде: бюджеттік кредиттер - 4 140 862 мың теңге; бюджеттік кредиттерді өтеу - 5 017 397 мың теңге; 4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 0 мың теңге, оның ішінде: қаржы активтерiн сатып алу - 0 мың теңге; 5) бюджет тапшылығы - 902 188 мың теңге; 6) бюджет тапшылығын қаржыландыру - - 902 188 мың теңге. 2. 2018 жылға бөлінген салықтардан түскен жалпы соманы бөлу аудандардың және Ақтөбе қаласының бюджеттеріне мынадай мөлшерде белгіленсін: 1) төлем көзінде кірістерге салынатын жеке табыс салығы бойынша: Ақтөбе қаласына - 30 пайыз, Байғанинге - 50 пайыз, Мұғалжарға - 50 пайыз, Хромтауға - 60 пайыз және Әйтекеби, Алға, Ырғыз, Қарғалы, Мәртөк, Темір, Ойыл, Қобда, Шалқар аудандарына 100 пайыздан; 2) әлеуметтік салық бойынша: Ақтөбе қаласына - 30 пайыз, Байғанинге - 50 пайыз, Мұғалжарға - 50 пайыз, Хромтауға - 60 пайыз және Әйтекеби, Алға, Ырғыз, Қарғалы, Мәртөк, Темір, Ойыл, Қобда, Шалқар аудандарына 100 пайыздан; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|