Астана қаласының бас жоспары туралы (негізгі ережелерді қоса алғанда)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 25 қаңтардағы № 33 Қаулысы
«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 19-бабының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы астанасының кешенді дамуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған, Астана қаласының мәслихаты мақұлдаған Астана қаласының бас жоспарының жобасы (негізгі ережелерді қоса алғанда) бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Ә. Смайылов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2024 жылғы 25 қаңтардағы
№ 33 қаулысымен
бекітілген
Астана қаласының бас жоспары
(негізгі ережелерді қоса алғанда)
1-тарау. Жалпы ережелер
Астана қаласының бас жоспары (бұдан әрі - Бас жоспар) перспективада кешенді дамудың, аумақты жоспарлы ұйымдастырудың, қаланың әлеуметтік және инженерлік-көлік инфрақұрылымы жүйесінің бағыттарын айқындайтын негізгі қала құрылысы құжаты болып табылады.
Бас жоспар Қазақстан Республикасының Жер және Экология кодекстерінің, «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» заңдарының және Қазақстан Республикасының қала құрылысын жобалау саласына қатысты басқа да заңнамалық актілері мен нормативтік құжаттарының талаптарына сәйкес әзірленді.
Бас жоспарда келесі жобалық кезеңдер қабылданды:
1) бастапқы жыл - 2021 жылғы 1 қаңтар;
2) құрылыстың бірінші кезегі - 2025 жыл;
3) есепті мерзім - 2035 жыл.
2-тарау. Бас жоспардың мақсаты