ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ
Қарсы барлау қызметі туралы (2020.01.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2021 жылғы 2 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар 2-бап. Қарсы барлау қызметінің құқықтық негізі 3-бап. Қарсы барлау қызметінің міндеттері 4-бап. Қарсы барлау қызметінің қағидаттары 6-бап. Қазақстан Республикасы Президентінің қарсы барлау қызметі саласындағы өкілеттіктері 7-бап. Қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын органдар 8-бап. Қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын органдардың міндеттері 9-бап. Қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын органдардың құқықтары 10-бап. Қарсы барлау іс-шараларын жүргізуге негіздер 11-бап. Қарсы барлау іс-шаралары 12-бап. Қарсы барлау қызметінің материалдарын пайдалану 13-бап. Қарсы барлау қызметін ақпараттық қамтамасыз ету және құжаттау 14-бап. Қарсы барлау қызметінің материалдарын сақтау 15-бап. Қарсы барлау қызметі саласындағы өзара іс-қимыл және халықаралық ынтымақтастық 16-бап. Қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын органдардың қызметкерлері, әскери қызметшілері 18-бап. Қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын органдарға жәрдем көрсететін құпия көмекшілер 19-бап. Қарсы барлау қызметін ведомстволық бақылау 20-бап. Қарсы барлау қызметін жүзеге асыру кезіндегі прокурорлық қадағалау 21-бап. Қарсы барлау қызметін қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету 22-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
Осы Заң қарсы барлау қызметінің құқықтық негіздерін және оны жүзеге асыру заңдылығының кепілдіктер жүйесін айқындайды.
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) абоненттер және (немесе) абоненттік құрылғылар арасындағы қосылулар туралы ақпаратты жедел алу - абоненттер және (немесе) абоненттік құрылғылар арасындағы қосылулардың күні, уақыты, ұзақтығы туралы ақпаратты және олар туралы өзге де ақпаратты жасырын алу; 2) адамды, орынды жедел аудио- және (немесе) бейнебақылау - бейне-, аудиотехниканы не өзге де техникалық құралдарды пайдалана отырып, жеке тұлғаның сөйлеген сөзін және өзге де ақпаратты, оның әрекеттерін, сондай-ақ белгілі бір орында болып жатқан оқиғаларды, процестер мен құбылыстарды жасырын құжаттау; 3) ақпаратты жинауға, өңдеуге, беруге және сақтауға арналған құрылғылардан ақпаратты жедел түсіріп алу - компьютерлерден, аппараттық-бағдарламалық кешендерден және ақпаратты жинауға, өңдеуге, беруге және сақтауға арналған басқа да құрылғылардан ақпаратты техникалық құралдармен және (немесе) бағдарламалық қамтылыммен жасырын түсіріп алу; 4) ақпаратты ресми алу - құжаттарды, материалдарды, электрондық ақпараттық ресурстарды тікелей зерделеу, көрсетілген ақпаратты білетін немесе білуі мүмкін жеке және заңды тұлғаларға сұрау салулар жолдау арқылы қарсы барлау қызметінің міндеттерін шешу үшін маңызы бар ақпаратты алу; 5) байланыс желісінің жедел мониторингі - байланыс желісі арқылы берілетін ақпараттан барлау-нұқсан келтіру әрекетінің белгілерін жасырын табу; 6) бақыланатын жеткізілім - барлау-нұқсан келтіру әрекетін жүзеге асыру үшін пайдаланылатын нәрселер мен заттарды сатып алу, өткізу, беру, орнын ауыстыру процесін жасырын байқау және құжаттау; 7) бақылау мақсатында сатып алу - барлау-нұқсан келтіру әрекетін жүзеге асыру үшін пайдаланылатын нәрселер мен заттарды сатып алу жөнінде жалған өтеулі мәміле жасау; 8) барлау акциясы - Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне нұқсан келтіріп, мәліметтерге қол жеткізу, оларды жинау; 9) барлау және (немесе) нұқсан келтіру акцияларын әшкерелеу - барлау-нұқсан келтіру әрекетін жүзеге асыру белгілерінің, фактілері мен жағдайларының жиынтығын табу; 10) барлау-нұқсан келтіру әрекеті - шет мемлекеттердің арнаулы қызметтері, өзге де шетелдік ұйымдар, сондай-ақ жекелеген адамдар жүзеге асыратын барлау және (немесе) нұқсан келтіру акциялары; 11) барлау-нұқсан келтіру әрекетінің белгілері - барлау және (немесе) нұқсан келтіру акцияларының жүргізілуі мүмкін екендігін куәландыратын әрекеттердің, оқиғалардың, процестер мен құбылыстардың айрықша ерекшеліктері; 12) барлау-нұқсан келтіру әрекетінің фактілері - барлау және (немесе) нұқсан келтіру акцияларының жүргізілуін куәландыратын әрекеттер, оқиғалар, процестер мен құбылыстар; 13) жасырын қызметкер - қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын органға жататындығы шифрланған қызметкер, әскери қызметші; 14) жедел байқау - жеке тұлғалардың әрекеттерін, қоғамдық орында болып жатқан оқиғаларды, процестерді, оның ішінде техникалық құралдарды, фототүсірілімді, бейнебайқауды және аудиожазбаны пайдалана отырып, жасырын аңғару; 15) жедел ендіру - қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын органның қызметкерін, әскери қызметшісін не құпия көмекшіні жедел қызығушылық танытып отырған объектінің ортасына жасырын енгізу; 16) жедел кіру - тұрғын, қызметтік, өндірістік және өзге де үй-жайға, ғимаратқа, құрылысқа, қоймаға, көлік құралына немесе жергілікті учаскеге оларды зерттеп-қарау, сондай-ақ қарсы барлау іс-шараларын дайындау және жүргізу мақсатында жасырын кіру; 17) жедел эксперимент - қылмысқа арандатуды болғызбайтын, қолдан жасалған, бақыланатын жағдайларда әрекеттерді, процестерді жасырын зерделеу арқылы қарсы барлау ақпаратын алу; 18) жекелеген тұлғалар - шет мемлекеттердің арнаулы қызметтерінің, өзге де шетелдік ұйымдардың атынан немесе солардың мүдделерінде не дербес әрекет ететін жеке тұлғалар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлғалар; 19) қарсы барлау ақпараты - барлау-нұқсан келтіру әрекетінің белгілері, фактілері және оны жүзеге асыруға ықпал ететін жағдайлар туралы мәліметтер; 20) қарсы барлау қызметі - Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерін барлау-нұқсан келтіру әрекетінен қорғау жөніндегі қарсы барлау және ұйымдастыру іс-шараларының жүйесі; 21) қарсы барлаумен қамтамасыз ету - барлау-нұқсан келтіру әрекетінен оқшаулау шараларының жүйесі; 22) қарсы барлау сауалын қою - сауал қойылған адамның сөздерінен қарсы барлау ақпаратын жария немесе жасырын алу; 23) қарсы барлау ісі - қарсы барлау іс-шараларының материалдарын жүйелеу, қарсы барлау ақпаратын тексеру және бағалау бойынша оқшауландырылған іс жүргізу; 24) қарсы барлау іс-шарасы - барлау және (немесе) нұқсан келтіру акцияларының алдын алуға, оларды әшкерелеуге және жолын кесуге бағытталған жария және жасырын іс-қимылдар; 25) құпия көмекшілер - он сегіз жасқа толған, әрекетке қабілетті, қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын органмен құпиялылық негізде (оның ішінде келісімшарт бойынша да) ынтымақтасып жұмыс істейтін немесе бұрын ынтымақтасып жұмыс істеген жеке тұлғалар; 26) құпия көмекшілердің, жасырын қызметкерлердің жеке басы туралы мәліметтер - тегін, атын, әкесінің атын (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе); бүркеншік атын (ол болған кезде); туған күні мен жерін; тұрғылықты жерінің мекенжайын; жұмыс (оқу) орнын анықтауға болатын ақпарат; олардың қарсы барлау іс-шараларына қатысуы туралы деректер; олардың отбасы мүшелері немесе жақын туыстары туралы деректер; 27) нұқсан келтіру акциясы - Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне нұқсан келтіріп, қоғамдық қатынастарға ықпал ету; 28) пошта жөнелтілімдерін және өзге де жөнелтілімдерді жедел бақылау - хаттардан, бандерольдерден, сауқаттардан және өзге де жөнелтілімдерден қарсы барлау ақпаратын жасырын алу; 29) ұйымдастыру іс-шарасы - қарсы барлау іс-шараларын жүргізу үшін қажетті жағдайларды жасау, сондай-ақ олардың нәтижелерін пайдалануды қамтамасыз ету жөніндегі іс-қимылдар; 30) шетелдік ұйымдар - шет мемлекеттің заңнамасына немесе халықаралық құқық нормаларына сәйкес ұйымдарға қандай да бір мәртебенің берілуіне қарамастан, осы шет мемлекеттің аумағында басшылық жасайтын органдары бар не шет мемлекеттің, оның ішінде Қазақстан Республикасы танымаған шет мемлекеттің қолдауын пайдаланатын не шет мемлекеттің заңнамасында және (немесе) халықаралық құқық нормаларында тыйым салынған қызметті жүзеге асыратын, осы шет мемлекеттің оларға қарсы іс-қимыл жасауға объективті қабілетсіздігін пайдаланатын ұйымдар; 31) электр (телекоммуникация) байланысының желілері арқылы берілетін ақпаратты жедел түсіріп алу - сым-өткізгіш, радио, оптикалық және басқа да электромагниттік жүйелер арқылы берілетін белгілерді, сигналдарды, дауыстық ақпаратты, жазбаша мәтінді, бейнелерді, бейнесуреттерді, дыбыстарды және басқа да ақпаратты түсіріп алу жөніндегі жасырын іс-қимылдар.
2-бап. Қарсы барлау қызметінің құқықтық негізі 1. Қарсы барлау қызметінің құқықтық негізін Қазақстан Республикасының Конституциясы, осы Заң және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілері құрайды. 2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда қамтылғаннан өзгеше қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
3-бап. Қарсы барлау қызметінің міндеттері Қарсы барлау қызметінің міндеттері: 1) барлау-нұқсан келтіру әрекетінен: Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысының негіздерін, мемлекеттік егемендігін, аумақтық тұтастығын, экономикалық, ғылыми-техникалық және қорғаныс әлеуетін; Қазақстан Республикасының Президентін және басқа да күзетілетін адамдарды; Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын құрайтын мәліметтерді қорғау; 2) барлау және (немесе) нұқсан келтіру акцияларының, оның ішінде: терроризмді және экстремизмді жүзеге асырумен; қылмыстық топтарды құрумен және олардың әрекет етуімен; қарудың, оқ-дәрілердің, жарылғыш заттардың, радиоактивті заттардың және ядролық материалдардың заңсыз айналымымен; есірткі, психотроптық заттардың, сол тектестер мен прекурсорлардың заңсыз айналымымен байланысты акциялардың алдын алу, оларды әшкерелеу және жолын кесу; 3) мемлекеттік органдарды, мемлекеттік заңды тұлғаларды, квазимемлекеттік сектор субьектілерін, Қазақстан Республикасының стратегиялық және маңызды мемлекеттік мәні бар өзге де обьектілерін қарсы барлаумен қамтамасыз ету; 4) Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне төнетін қатерлердің алдын алуда, оларды бейтараптандыруда және ұлттық мүдделерін ілгерілетуде мемлекеттік органдарға жәрдемдесу болып табылады. Қарсы барлау қызметінің міндеттері заңдармен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен толықтырылуы мүмкін.
4-бап. Қарсы барлау қызметінің қағидаттары Қарсы барлау қызметі: 2) адам мен азаматтың құқықтарын және бостандықтарын сақтау; 3) Қазақстан Республикасын дамытудың стратегиялық мақсаттарына бағыну; 4) жария және жасырын әдістерді үйлестіру; 5) құпиялылық және астыртын әрекет ету; 6) барлау және (немесе) нұқсан келтіру акцияларының алдын алу, оларды әшкерелеу, жолын кесу жөніндегі уақтылы, белсенді іс-қимылдарды жүзеге асыру; 7) барлау және (немесе) нұқсан келтіру акцияларының алдын алуда, оларды әшкерелеуде, жолын кесуде қарсы барлау іс-шараларының басымдығы; 8) барлау-нұқсан келтіру әрекетінің нақты фактілері бойынша қолданылатын құқықтық және өзге де шараларға қарамастан, қарсы барлау іс-шараларын жүргізудің үздіксіз болуы қағидаттарына негізделеді.
5-бап. Қарсы барлау қызметін жүзеге асыру кезінде адам мен азаматтың құқықтарын және бостандықтарын сақтау кепілдіктері 1. Осы Заңда көзделмеген міндеттерді шешу үшін қарсы барлау қызметін жүзеге асыруға, сондай-ақ оның барысында алынған ақпаратты пайдалануға жол берілмейді. 2. Қарсы барлау қызметін жүзеге асыру кезінде адам мен азаматтың абыройын және қадір-қасиетін қорлайтын әрекеттерге жол берілмейді. 3. Қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын органның іс-қимылдарына жоғары тұрған органға, прокуратураға немесе сотқа шағым жасалуы мүмкін. Берілген шағым жоғары тұрған орган, прокуратура немесе сот ол бойынша тиісті шешім қабылдағанға дейін шағым жасалып отырған іс-қимылдарды тоқтатпайды. 4. Прокурор немесе сот шағымды қарау үшін талап етіп алдырған құжаттар шағым нысанасына жатқызылуға және қарсы барлау қызметінің ұйымдастырылуы мен тактикасына, нақты қарсы барлау іс-шараларына қатысты ақпараттың, сондай-ақ құпия көмекшілер мен жасырын қызметкерлердің жеке басы туралы мәліметтердің берілуін болғызбауға тиіс.
6-бап. Қазақстан Республикасы Президентінің қарсы барлау қызметі саласындағы өкілеттіктері Қазақстан Республикасының Президенті: 1) қарсы барлау қызметінің негізгі бағыттары мен басымдықтарын айқындайды; 2) өзі уәкілеттік берген органдарға қарсы барлау қызметін дамыту және қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын органдардың басқа да мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау мәселелерін қарауды тапсырады; 3) қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын органдардың қызметін бақылайды, бақылау нысандарын және оны жүзеге асыру тәртібін белгілейді; 4) өзі айқындаған тәртіппен және мерзімдерде қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын органдар басшыларының есептерін тыңдайды; 5) Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
7-бап. Қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын органдар 1. Қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын органдарға Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары жатады. 2. Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары осы Заңда белгіленген тәртіппен және осы баптың 3, 4, 5-тармақтарында айқындалатын шектерде қарсы барлау қызметін жүзеге асырады. 3. Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары (бұдан әрі - ұлттық қауіпсіздік органдары) осы Заңның 10-бабы 1-тармағының 1), 2), 4), 5), 6), 7), 8), 9), 10) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша қарсы барлау іс-шараларын жүргізеді. Ұлттық қауіпсіздік органдарының және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бірлескен нормативтік құқықтық актісінде айқындалған жағдайларда және тәртіппен ұлттық қауіпсіздік органдары осы Заңның 10-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген негіз бойынша қарсы барлау іс-шараларын да жүргізеді. 4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі (бұдан әрі - Мемлекеттік күзет қызметі) осы Заңның 10-бабы 1-тармағының 3), 9), 10) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша қарсы барлау іс-шараларын жүргізеді. 5. Қазақстан Республикасының сыртқы барлау саласындағы уәкілетті органы (бұдан әрі - сыртқы барлау саласындағы уәкілетті орган) осы Заңның 10-бабы 1-тармағының 4), 9), 10) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша қарсы барлау іс-шараларын жүргізеді. Сыртқы барлау саласындағы уәкілетті органның және ұлттық қауіпсіздік органдарының бірлескен нормативтік құқықтық актісінде айқындалған жағдайларда және тәртіппен сыртқы барлау саласындағы уәкілетті орган осы Заңның 10-бабы 1-тармағының 8) тармақшасында көзделген негіз бойынша қарсы барлау іс-шараларын да жүргізеді. 6. Қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын органдардың өзара іс-қимыл жасау тәртібі бірлескен нормативтік құқықтық актілерде айқындалады. 7. Қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын органдардың бірінші басшылары қарсы барлау қызметін жүзеге асыруға құқығы бар өздеріне бағынысты ведомстволардың, қызметтердің, бөлімшелердің, қызметкерлер санаттарының тізбесін белгілейді, қарсы барлау қызметінің ұйымдастырылуы мен тактикасы және оның міндеттерін іске асыру мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілер шығарады.
8-бап. Қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын органдардың міндеттері Қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын органдар өздеріне жүктелген міндеттердің шегінде: 1) барлау-нұқсан келтіру әрекетінің белгілерін, фактілерін анықтауға және барлау-нұқсан келтіру әрекетін жүзеге асыруға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі шараларды қолдануға; 2) Қазақстан Республикасының Президентін және мемлекеттік органдарды Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне төнетін қатерлер туралы хабардар етуге; 3) Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысының негіздерін, мемлекеттік егемендігін, аумақтық тұтастығын, экономикалық, ғылыми-техникалық және қорғаныс әлеуетін қорғау жөніндегі қажетті шараларды қолдануға; 4) Қазақстан Республикасы Президентінің және басқа да күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге; 5) Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын құрайтын мәліметтерді қорғау жөніндегі шараларды қолдануға; 6) мемлекеттік органдарды, мемлекеттік заңды тұлғаларды, квазимемлекеттік сектор субъектілерін, Қазақстан Республикасының стратегиялық және маңызды мемлекеттік мәні бар өзге де объектілерін қарсы барлаумен қамтамасыз етуді жүзеге асыруға; 7) қарсы барлау қызметін жүзеге асыру кезінде астыртын әрекет етуді, сондай-ақ қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын орган күштерінің, құралдарының және ақпаратының қорғалуын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қолдануға; 8) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары негізінде шет мемлекеттердің арнаулы қызметтерінің, қауіпсіздік органдарының, құқық қорғау органдарының, халықаралық және өзге де ұйымдардың сұрау салуларын орындауға; 9) заңдарда және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыруға міндетті.
9-бап. Қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын органдардың құқықтары Қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын органдардың: 1) қарсы барлау іс-шараларын жүргізудің ұйымдастырылуы мен тактикасын айқындауға; 2) жеке тұлғаларды құпия түрде ынтымақтасып жұмыс істеуге тартуға; 3) астыртын әрекет ететін объектілерді (кәсіпорындарды және ұйымдарды) құруға, сондай-ақ қызметкерлерді, әскери қызметшілерді, құпия көмекшілерді, бөлімшелердің, ұйымдардың, үй-жайлар мен көлік құралдарының ведомстволық тиесілігін шифрлайтын құжаттарды пайдалануға; 4) осы Заңның 11-бабында көзделген қарсы барлау іс-шараларын жүргізу үшін ғана тәуліктің кез келген уақытында ұйымдардың аумағы мен үй-жайларына, ал Қазақстан Республикасының ерекше режимдік, режимдік, стратегиялық және маңызды мемлекеттік мәні бар өзге де объектілерінің аумағына олардың басшыларын хабардар ете отырып кедергісіз кіруге; 5) қарсы барлау іс-шараларының барысында жеке және заңды тұлғалардың мүлкін олардың келісімімен пайдалануға; 6) қарсы барлау іс-шараларын жүргізу кезінде жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыруға құқығы бар органдармен келісу бойынша осы органдардың күштері мен құралдарын тартуға; 7) қажетті ғылыми-техникалық немесе өзге де арнаулы білім-білігі бар лауазымды адамдар мен мамандардың көмегін пайдалануға; 8) қарсы барлау іс-шараларын жүргізу кезінде барлау-нұқсан келтіру әрекетін имитациялайтын іс-қимылдарды жүзеге асыруға; 9) барлау-нұқсан келтіру әрекетін жүзеге асыруға ықпал ететін жағдайларды жою жөнінде ұсыныстар енгізуге; 10) қарсы барлау іс-шараларын жүргізуге арналған арнаулы және өзге де техникалық құралдарды, жабдықтарды қолдануға; 11) заңдарда және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
10-бап. Қарсы барлау іс-шараларын жүргізуге негіздер 1) Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерін барлау-нұқсан келтіру әрекетінен қорғау бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шараларды іске асыру; 2) қарсы барлау ақпаратының, оның ішінде сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында алынған ақпараттың болуы; 3) күзетілетін адамдар мен объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажеттігі; 4) Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне қатер төндіретін әрекеттер, оқиғалар, процестер мен құбылыстар туралы мәліметтерді алу, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіруге ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау қажеттігі; 5) мемлекеттік органдарды, мемлекеттік заңды тұлғаларды, квазимемлекеттік сектор субъектілерін, Қазақстан Республикасының стратегиялық және маңызды мемлекеттік мәні бар өзге де объектілерін қарсы барлаумен қамтамасыз ету қажеттігі; 6) жұмысы Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне қатер төндіретін радиоэлектрондық құралдармен берілетін радиосәулеленуді, сондай-ақ барлау-нұқсан келтіру әрекетінде байланыс желілерін пайдалану жөніндегі іс-қимылдарды анықтау қажеттігі; 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 7) Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын құрайтын мәліметтерге рұқсат алуға ресімделетін (қайта ресімделетін) адамдарды міндетті арнайы тексеру, сондай-ақ мемлекеттік қызметке кіретін және мемлекеттік қызметтегі, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының қызметшісі және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның қызметшісі лауазымына орналасуға үміткер адамдарды арнайы тексеру; 8) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына, сондай-ақ басқарушылық функцияларды орындаумен байланысты лауазымдарға мемлекеттік заңды тұлғаларға немесе квазимемлекеттік сектордың субъектілеріне жұмысқа тартылатын шетелдіктерді міндетті арнайы тексеру; 9) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес шет мемлекеттердің арнаулы қызметтерінің, қауіпсіздік органдарының, құқық қорғау органдарының, халықаралық және өзге де ұйымдардың сұрау салулары; 10) қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын орган күштерінің, құралдары мен ақпаратының барлау-нұқсан келтіру әрекетінен қорғалуын қамтамасыз ету қажеттігі қарсы барлау іс-шараларын жүргізуге негіздер болып табылады. 2. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, заңды тұлғалардың ұйымдық-құқықтық нысаны, мемлекеттік тиесілігі, сондай-ақ жеке тұлғалардың азаматтығы, жынысы, ұлты, тұрғылықты жері, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайы, қоғамдық бірлестіктерге жататындығы, дінге көзқарасы және саяси сенімдері қарсы барлау іс-шараларын жүргізу үшін кедергі болып табылмайды.
11-бап. Қарсы барлау іс-шаралары 1. Қарсы барлау іс-шараларына: 3) жеке тұлғалармен жария және жасырын қатынастар орнату, олардың мүмкіндіктерін қарсы барлау қызметінде пайдалану; 7) нәрселер мен заттарды жедел табу, зерттеу, тіркеу; 9) бақылау мақсатында сатып алу; 10) техникалық барлау құралдарын және ақпараттың таралып кетуінің техникалық арналарын іздеу; 11) байланыс желісінің жедел мониторингі; 12) пошта жөнелтілімдерін және өзге де жөнелтілімдерді жедел бақылау; 13) электр (телекоммуникация) байланысының желілері арқылы берілетін ақпаратты жедел түсіріп алу; 14) абоненттер және (немесе) абоненттік құрылғылар арасындағы қосылулар туралы ақпаратты жедел алу; 15) ақпаратты жинауға, өңдеуге, беруге және сақтауға арналған құрылғылардан ақпаратты жедел түсіріп алу; 16) адамды немесе орынды жедел аудио- және (немесе) бейнебақылау; 2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген қарсы барлау іс-шараларын қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын барлық органдар өздеріне жүктелген міндеттерге сәйкес жүргізеді. 3. Осы баптың 1-тармағының 1) - 11) тармақшаларында көзделген қарсы барлау іс-шараларын жүргізу тәртібі қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын органның нормативтік құқықтық актілерінде айқындалады. 4. Осы баптың 1-тармағының 12) - 17) тармақшаларында көрсетілген қарсы барлау іс-шаралары прокурордың санкциясымен не Қазақстан Республикасының Бас Прокурорымен келісілген тәртіппен жүргізіледі. Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген қарсы барлау іс-шараларын жүргізу тәртібі қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын органдардың Қазақстан Республикасының Бас Прокурорымен келісу бойынша қабылданатын нормативтік құқықтық актілерінде айқындалады. 5. Қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын барлық органдар міндеттерді шешу мүддесінде байланыс желісін пайдаланумен байланысты қарсы барлау іс-шараларын техникалық тұрғыдан ұлттық қауіпсіздік органдары жүзеге асырады. |
Содержание 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар 2-бап. Қарсы барлау қызметінің құқықтық негізі3-бап. Қарсы барлау қызметінің міндеттері4-бап. Қарсы барлау қызметінің қағидаттары5-бап. Қарсы барлау қызметін жүзеге асыру кезінде адам мен азаматтың құқықтарын және бостандықтарын сақтау кепілдіктері6-бап. Қазақстан Республикасы Президентінің қарсы барлау қызметі саласындағы өкілеттіктері7-бап. Қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын органдар8-бап. Қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын органдардың міндеттері9-бап. Қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын органдардың құқықтары10-бап. Қарсы барлау іс-шараларын жүргізуге негіздер11-бап. Қарсы барлау іс-шаралары12-бап. Қарсы барлау қызметінің материалдарын пайдалану13-бап. Қарсы барлау қызметін ақпараттық қамтамасыз ету және құжаттау14-бап. Қарсы барлау қызметінің материалдарын сақтау15-бап. Қарсы барлау қызметі саласындағы өзара іс-қимыл және халықаралық ынтымақтастық16-бап. Қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын органдардың қызметкерлері, әскери қызметшілері17-бап. Қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын органдар қызметкерлерінің, әскери қызметшілерінің жауаптылығы18-бап. Қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын органдарға жәрдем көрсететін құпия көмекшілер19-бап. Қарсы барлау қызметін ведомстволық бақылау20-бап. Қарсы барлау қызметін жүзеге асыру кезіндегі прокурорлық қадағалау21-бап. Қарсы барлау қызметін қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету22-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі |