|
|
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ
«Салық және бюджетке төлденетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1. 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі): 1-тармақтың 1) тармақшасы 2024 ж. 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді 1) 1-баптың 1-тармағының 53) тармақшасы «, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде айқындалған интернет-платформа операторы (бұдан әрі - интернет-платформа операторы)» деген сөздермен толықтырылсын; 1-тармақтың 2) тармақшасы 2024 ж. 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді 2) 14-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: «Салық агенті интернет-платформа операторы атынан Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес орындаушылар болып табылатын, арнаулы мобильдік қосымша пайдаланылатын арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер үшін жеке табыс салығын және Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 102-1-бабының 1-тармағында көрсетілген әлеуметтік төлемдерді ұстап қалуды және аударуды жүргізеді.»; 1-тармақтың 3) тармақшасы 2024 ж. 13 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді 3) 24-баптың бірінші бөлігінде: 1) тармақшаның екінші бөлігі «әлеуметтік төлемдерді» деген сөздерден кейін «, Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 112-бабы 4-тармағының 1) тармақшасына сәйкес ұсынылатын материалдық көмекті» деген сөздермен толықтырылсын; 15) тармақшаның бірінші абзацы «әлеуметтік төлемдерді,» деген сөздерден кейін «Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 112-бабы 4-тармағының 1) тармақшасына сәйкес ұсынылатын материалдық көмекті,» деген сөздермен толықтырылсын; 4) 254-бапта: тақырып мынадай редакцияда жазылсын: «254-бап. Ғылыми-зерттеу жұмыстарына, ғылыми-техникалық және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға арналған, зияткерлік меншік объектілеріне айрықша құқықтарды сатып алуға және ғылыми орталықтар құруға арналған шығыстар бойынша шегерім»; 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Тіркелген активтерді сатып алуға, оларды орнатуға арналған шығыстар мен күрделі сипаттағы басқа да шығыстардан бөлек, ғылыми-зерттеу жұмыстарына, ғылыми-техникалық және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға арналған шығыстар Қазақстан Республикасының ғылым және технологиялық саясат туралы заңнамасына сәйкес ғылым саласындағы уәкілетті органның ғылыми-зерттеу жұмыстары, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар бойынша хабарламалары болған жағдайда шегерімге жатады. Осындай шығыстарды шегерімге жатқызуға мыналар негіз болып табылады: ғылыми-зерттеу жұмыстарын, ғылыми-техникалық және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүзеге асыруға арналған шығыстар бойынша - ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет туралы есеп, сондай-ақ осындай қызметке байланысты шығыстарды растайтын құжаттар; ғылыми-зерттеу жұмыстарын, ғылыми-техникалық және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды сатып алуға арналған шығыстар бойынша - іс жүзінде орындалған техникалық тапсырма және осындай жұмыстардың аяқталған кезеңдерін қабылдап алу актілері.»; мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын: «3. Егер осы Кодекстің 255-бабында өзгеше көзделмесе, зерттеу университеттері жанынан ғылыми орталықтар құруды қаржыландыру Қазақстан Республикасының ғылым және технологиялық саясат туралы заңнамасына сәйкес ғылым саласындағы уәкілетті органның ғылыми орталық құру туралы хабарламасы болған кезде шегерімге жатады.»; 5) 288-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын: «5-1) мыналарға: қорғау құжаты бар жұмысты қоса алғанда, өнеркәсіптік меншік объектісін құруға байланысты ғылыми-зерттеу жұмыстарына, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға; жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі ұйымдардан, ғылыми ұйымдардан және стартап-компаниялардан ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру мақсатында лицензиялық шарт немесе айрықша құқықты басқаға беру шарты бойынша зияткерлік меншік объектілеріне айрықша құқықтарды сатып алуға арналған осы Кодекстің 254-бабына сәйкес шегерімге жатқызылған шығыстар (шығындар) сомасының 50 пайызы мөлшерінде азайтуға құқығы бар. Осы тармақшаның ережелері Қазақстан Республикасының аумағында көрсетілген жұмыстар жүргізілген және (немесе) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелері ендірілген (пайдаланылған) жағдайда қолданылады. Тиісті саланың уәкілетті органдарымен келісу бойынша ғылым саласындағы уәкілетті орган айқындайтын нысан бойынша жасалған және тәртіппен келісілген ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін ендіру (пайдалану) актісі ғылыми-зерттеу жұмыстарын, ғылыми-техникалық және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізуді және (немесе) көрсетілген жұмыстардың нәтижесін және (немесе) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің нәтижелерін ендіруді (пайдалануды) растау болып табылады.»; 6) 290-баптың 2-тармағы екінші бөлігінің 3) тармақшасы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: «Осы тармақшада көрсетілген кірістерге ғылым саласындағы уәкілетті орган аккредиттеген ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерінің зерттеу университеттері жанынан ғылыми орталықтар құруға арналған қаржыландыру түріндегі кірістері де жатады.»; 1-тармақтың 7) тармақшасы 2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді және 2029 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады 7) 521-бапта: 3-тармақ мынадай мазмұндағы 13) тармақшамен толықтырылсын: «13) Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйым. Осы тармақшаның бірінші бөлігінің мақсаттары үшін Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйым деп қызметінің негізгі нысанасы Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу, сондай-ақ халықаралық мамандандырылған көрме аумағын көрмеден кейінгі пайдалану болып табылатын, жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлға түсініледі.»; 4-тармақ 2) тармақшасындағы «3-тармағында айқындалған заңды тұлғаларды қоспағанда, осы баптың 1-тармағында белгіленген салық мөлшерлемесі бойынша мүлік салығын есептейді және төлейді.» деген сөздер «3-тармағында;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын: «4) осы баптың 3-тармағының 13) тармақшасында айқындалған заңды тұлғаларды қоспағанда, осы баптың 1-тармағында белгіленген салық мөлшерлемесі бойынша мүлік салығын есептейді және төлейді.»; 1-тармақтың 8) тармақшасы 2024 ж. 21 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді 8) 553-баптың 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «7. Теле-, радиоарнаны, мерзімді баспасөз басылымын, интернет-басылымды есепке қойғаны үшін алым мөлшерлемелері мыналарды құрайды:
»; 1-тармақтың 9) тармақшасы 2024 ж. 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді 9) 678-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «2. Дара кәсіпкерлер осы Кодекстің 686-2-бабының 4-тармағында және 703-бабының 4-тармағында белгіленген жағдайларда бір мезгілде екі арнаулы салық режимін қолдануға құқылы.»; 1-тармақтың 10) тармақшасы 2024 ж. 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді 10) 686-2-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын: «4. Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес интернет-платформаларды пайдалана отырып, көрсе тілген қызметтер немесе орындалған жұмыстар үшін алған кірістері бойынша дара кәсіпкерлер арнаулы мобильдік қосымша пайдаланылатын арнаулы салық режимін қолданады. Бұл ретте мұндай дара кәсіпкер осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілмеген кірістер бойынша осы Кодекске сәйкес өзге де арнаулы салық режимдерін немесе жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібін қолдануға құқылы.»; 1-тармақтың 11) тармақшасы 2024 ж. 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді 11) 686-3-бапта: тақырып мынадай редакцияда жазылсын: «686-3-бап. Арнаулы мобильдік қосымша пайдаланылатын арнаулы салық режимін қолдану кезінде жеке табыс салығы мен әлеуметтік төлемдерді есептеу тәртібі»; 1-тармақтағы «қолдану арқылы» деген сөздер «қолдану жолымен арнаулы мобильдік қосымша арқылы» деген сөздермен ауыстырылсын; 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «2. Арнаулы мобильдік қосымша әлеуметтік төлемдер сомаларын есептеуді Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне және «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүргізеді.»; 1-тармақтың 12) тармақшасы 2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі 12) 746-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, пайдалы қазбаларды өндіру салығының мөлшерлемелері мынадай мөлшерлерде белгіленеді: 1) осы бөліктің 2) тармақшасында көрсетілгенді қоспағанда, пайдалы қазбалар:
2) жылдық өндіру көлеміне және табиғи уран концентратының бағасына байланысты уран (өнімдік ерітінділерден алынған, шахталық әдіс) (U3O8):
Бұл ретте табиғи уран концентратының (U3O8) орташа өлшенген бағасы төмен белгіленген бағалардан асып кеткен жағдайда осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көрсетілген пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық мөлшерлемесі мынадай мөлшерге ұлғаяды:
Бұл ретте өндірілген тас көмірге (кокстелетіннен және антрациттен басқа), қоңыр көмірге, жанғыш тақтатастарға пайдалы қазбаларды өндіру салығының осы бапта белгіленген мөлшерлемесіне мынадай: 1) табиғи монополия субъектісі болып табылатын жер қойнауын пайдаланушы осындай өндірілген тас көмірді, қоңыр көмірді, жанғыш тақтатастарды Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасына сәйкес электр энергиясын беру, жылу энергиясын өндіру, беру, тарату және (немесе) онымен жабдықтау, сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді ұсыну үшін пайдаланған; 2) жер қойнауын пайдаланушы өндірілген тас көмірді, қоңыр көмірді, жанғыш тақтатастарды осы тармақтың үшінші бөлігінің 1) тармақшасында көзделген қызметтерді көрсететін табиғи монополиялар субъектісіне өткізген; 3) жер қойнауын пайдаланушы өндірілген тас көмірді, қоңыр көмірді, жанғыш тақтатастарды білім беру, денсаулық сақтау ұйымдарына өткізген; 4) өндірілген тас көмір, қоңыр көмір, жанғыш тақтатастар осы Кодекстің 239-бабында айқындалған әлеуметтік сала объектілерін пайдалану кезінде пайдаланылған; 5) жер қойнауын пайдаланушы өндірілген тас көмірді, қоңыр көмірді, жанғыш тақтатастарды атаулы әлеуметтік көмекті алушыларға өткізген; 6) жер қойнауын пайдаланушы өндірілген тас көмірді, қоңыр көмірді, жанғыш тақтатастарды қайта өңдеген және (немесе) оларды өзінің өндірістік мұқтаждарына пайдаланған; 7) энергия өндіруші ұйым болып табылатын жер қойнауын пайдаланушы өндірілген тас көмірді, қоңыр көмірді, жанғыш тақтатастарды Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасына сәйкес өз мұқтаждары және (немесе) өткізу үшін электр және (немесе) жылу энергиясын өндіру үшін пайдаланған; 8) жер қойнауын пайдаланушы өндірілген тас көмірді, қоңыр көмірді, жанғыш тақтатастарды Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасына сәйкес өз мұқтаждары және (немесе) өткізу үшін электр және (немесе) жылу энергиясын өндіру үшін энергия өндіруші ұйымға өткізген; 9) жер қойнауын пайдаланушы өндірілген тас көмірді, қоңыр көмірді, жанғыш тақтатастарды тауарларды өндіру кезінде оларды қайта өңдеуді және (немесе) пайдалануды жүзеге асыратын ұйымдарға өткізген жағдайларда 0, 01 коэффициенті қолданылады. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, кен орны бойынша баланстан тыс запастардың құрамынан өндірілетін пайдалы қатты қазбалардың және минералды шикізаттың барлық түріне салынатын пайдалы қазбаларды өндіру салығы 0 пайыз мөлшерлеме бойынша төленеді. Осы тараудың мақсаттарында баланстан тыс запастарға мыналар жатады: KAZRC кодексі бойынша запастарды есепке алуға көшудің алдындағы күнгі жағдай бойынша Пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі мемлекеттік комиссияның кен орны бойынша баланстан тыс запастар етіп бекітуі негізінде осындай запастарға жатқызылған пайдалы қатты қазбалар мен минералды шикізат; KAZRC кодексі бойынша запастарды есепке алуға көшкеннен кейін алынған жер қойнауын пайдалануға арналған лицензиялар негізінде пайдалы қатты қазбаларды өндіру жүзеге асырылған жағдайда, баланстан тыс запастарға көлемдері болжанатын минералды ресурстар санатына енгізілген және тиісті салықтық кезеңде дәлелденген немесе ықтимал минералды запастар болып табылмайтын, минералды шикізат құрамындағы пайдалы қатты қазбалар жатады. Бұл ретте баланстан тыс запастар құрамынан өндірілетін минералды шикізат және (немесе) пайдалы қатты қазбалар өткізілген жағдайда, пайдалы қазбаларды өндіру салығының 0 пайыз мөлшеріндегі мөлшерлемесі қолданылмайды.». 2. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына: 2-тармақтың 1) тармақшасы 2024 ж. 13 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді 1) 45-1-бапта: 2) тармақша мынадай мазмұндағы тоғызыншы абзацпен толықтырылсын: «Осы тармақтың 2) тармақшасының ережесі бейрезиденттерге қолданылмайды.»; 3) тармақша мынадай мазмұндағы оныншы абзацпен толықтырылсын: «Осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларының ережелері бейрезиденттерге, сондай-ақ коммерциялық емес ұйым дардың құрылтайшыларына (қатысушыларына) және акционерлерге қолданылмайды.»; 2-тармақтың 2) тармақшасы 2024 ж. 13 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді 2) 45-3-баптың үшінші абзацындағы «декларацияны осы Кодекстің 630-бабының 1-тармағында аталған жеке тұлғалар», «ұсынады» деген сөздер тиісінше «декларация», «ұсынылады» деген сөздермен ауыстырылсын; 3) мынадай мазмұндағы 57-19-баппен толықтырылсын: «57-19-бап. 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін Салық кодексінің 746-бабы 1-тармағының бірінші бөлігі кестесінің 1-жолы мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін: «
». 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін және 2029 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болатын 1-баптың 1-тармағының 7) тармақшасын; алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағының 3) тармақшасын және 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларын; «Масс-медиа туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілген күннен кейін қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағының 8) тармақшасын; алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағының 1), 2), 9), 10) және 11) тармақшаларын; 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағының 12) тармақшасын қоспағанда, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті
Қ. ТОҚАЕВ
Астана, Ақорда, 2024 жылғы 1 шілде № 105-VIII ҚРЗ
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |