|
Кейбір бұйрықтарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса берілген отырған өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі (бұдан әрі - Тізбе) бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Халықаралық ынтымақтастық департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі аппаратының басшысына жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Ғылым және жоғары білім министрі 2025 жылғы 18 сәуірдегі № 193 бұйрығына қосымша
Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі
1. «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша шығыс нормаларын, оқуға және тағылымдамадан өтуге арналған үлгілік шарттарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 13 сәуірдегі № 163 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7613 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 2-тармақта: 5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «5) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін алу үшін оқуды ұйымдастыруға;»; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|