Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің 2023-2027 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту туралы (2023.27.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 66-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы № 790 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік жоспарлау жүйесіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің (бұдан әрі - ІІМ) 2023-2027 жылдарға арналған даму жоспары (бұдан әрі - ІІМ-нің Даму жоспары) бекітілсін. 2. Министрдің орынбасарлары, Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығының Бас штабы, министрліктің комитеттерінің төрағалары, департаменттерінің, дербес басқармаларының, полиция департаменттерінің, қылмыстық-атқару жүйесінің, ведомстволық оқу орындарының бастықтары ІІМ Даму жоспарының нысаналы индикаторларының көрсеткіштеріне қол жеткізу бойынша ұйымдастырушылық және практикалық шаралар кешенін белгілесін және іске асырсын. 3. ІІМ-нің Штабы және Идеологиялық және имидждік жұмыс департаменті: 1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте осы бұйрықты ІІМ веб-порталында орналастыруды; 2) жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың 15 ақпанынан кешіктірмей Даму жоспарын іске асыру туралы есепті дайындауды және оны ІІМ веб-порталында орналастыруды қамтамасыз етсін. 4. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің 2020-2024 жылдарға арналған Стратегиялық жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 19 желтоқсандағы № 086 бұйрығының күші жойылсын. 5. Осы бұйрық 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және таратылуы тиіс.
«КЕЛІСІЛДІ» «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ұлттық экономика министрлігі 20___жылғы «___»___________ 20___ жылғы «___»____________
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2022 жылғы 27 желтоқсандағы № 1007 бұйрығына қосымша
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|