|
2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы (2023.16.01. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2023 жылғы 28 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексi 9-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Бурабай аудандық мәслихаты ШЕШТІ: Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 2023.16.01. № 7С-34/1 шешімімен 1-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) (бұр.ред.қара) 1. 2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджет тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2023 жылға келесі көлемдерде бекітілсін: 1) кірістер - 13783848,0 мың теңге, соның ішінде: салықтық түсімдер - 4444686,0 мың теңге; салықтық емес түсімдер - 63575,0 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 52185,0 мың тенге; трансферттер түсімдері - 9223402,0 мың теңге; 2) шығындар - 15579907,8 мың теңге; 3) таза бюджеттік кредиттеу - 52630,0 мың теңге, соның ішінде: бюджеттiк кредиттер - 82800,0 мың теңге; бюджеттік кредиттерді өтеу - 30170,0 мың теңге; 4) қаржы активтерiмен операциялар бойынша сальдо - 0,0 мың теңге; 5) бюджет тапшылығы (профициті) - -1848689,8 мың теңге; 6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) - 1848689,8 мың теңге. 2. Аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджетке және Щучинск қаласының, Бурабай кентінің және ауылдық округтердің бюджеттеріне кірістерді бөлу нормативтері мынадай мөлшерде ескерілді: 1) аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджетке ірі кәсіпкерлік субъектілерінен және мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, заңды тұлғалардан алынатын корпоративтік табыс салығы бойынша - 50 %; 2) аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджетке төлем көзінен салық салынбайтын шетелдік азаматтар табыстарынан ұсталатын жеке табыс салығы бойынша - 100 %; 3) аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджетке әлеуметтік салық бойынша - 100 %; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|