Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы (2015.10.08. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2015 жылғы 28 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2007 жылғы 4 қазандағы № 897 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік терминология комиссиясы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 21 сәуірдегі № 367 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 12, 98-құжат): көрсетілген қаулыға қосымшада: Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік терминология комиссиясының құрамына мыналар енгізілсін:
көрсетілген құрамнан Серғалиев Мырзатай Серғалиұлы, Айтбайұлы Өмірзақ шығарылсын. 2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік ономастика комиссиясы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 21 сәуірдегі № 368 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 12, 99-құжат): көрсетілген қаулыға 1-қосымшада: Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік ономастика комиссиясының құрамына мыналар енгізілсін:
көрсетілген құрамнан Айталы Амангелді Әбдірахманұлы, Қасқабасов Сейіт Асқарұлы, Оңғарсынова Фариза Оңғарсынқызы, Нұрғалиев Рымғали, Шаханов Мұхтар Шаханұлы шығарылсын. 3. ҚР Үкіметінің 2010.30.09. № 992 қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 4. ҚР Үкіметінің 2015.10.08. № 621 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 5. ҚР Үкіметінің 2010.20.05. № 453 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 6. «Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халықтары Ассамблеясының XII сессиясында мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру бойынша Үкіметке берген тапсырмаларын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 28 қазандағы № 1025 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 40, 440-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру жөніндегі комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:
мына:
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
көрсетілген құрамнан Мусин Аслан Есболайұлы, Айталы Амангелді Әбдірахманұлы, Қарағұсова Гүлжан Жанпейісқызы, Баймұхамбетова Кәмила Мақсұтқызы, Медеу Ахметқал шығарылсын.
|