Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңын басшылыққа ала отырып, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылсын деп танылсын. 2. «Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі (А.М.Тржанова) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін. 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары С.Р.Егізбаевқа жүктелсін. 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
облысы әкімдігінің 2020 жылғы 1 маусымдағы № 120 қаулысына қосымша
1. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 23 маусымдағы №148 «Батыс Қазақстан облысы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласында жергілікті атқарушы органдармен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3963 тіркелген, 2015 жылы 13 тамызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған). 2. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 7 шілдедегі №168 «Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3967 тіркелген, 2015 жылы 17 тамызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған). Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|