Реттегіш құралдардың және (немесе) талаптардың реттеушілік әсеріне талдау жүргізу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы (2024.01.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2024 жылғы 28 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Ұлттық экономика министрінің 2016.27.04. № 190 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 2022.19.04. № 36 бұйрығымен (бұр.ред.қара) тақырыбы жаңа редакцияда
ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 2022.19.04. № 36 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 85-бабының 2-тармағының 7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: ҚР Ұлттық экономика министрінің 2016.27.04. № 190 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 2022.19.04. № 36 бұйрығымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда 1. Қоса беріліп отырған реттеушілік әсерді талдауды және (немесе) талаптарды жүргізу және пайдалану қағидалары бекітілсін. 2. «Реттеушілік әсерді талдауды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 21 қантардағы № 32 бұйрығының күші жойылсын (құқықтық актілердің тізілінде № 10312 тіркелінген 2015 жылғы 11 наурызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған). 3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Кәсіпкерлікті дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін; 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|