Алматы қаласы әкімдігінің «Алматы қаласында көрсетілетін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы» 2015 жылғы 9 қыркүйектегі № 3/539 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Алматы қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 20 қазандағы № 4/438 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 68 «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 «Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер енгізу туралы»бұйрығын басшылыққа алып, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Алматы қаласы әкімдігінің «Алматы қаласында көрсетілетін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы» 2015 жылғы 9 қыркүйектегі № 3/539 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1207 болып тіркелген, «Алматы ақшамы» және «Вечерний Алматы» газеттерінде 2015 жылы 20 қазанда жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін: аталған қаулымен бекітілген «Жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын; аталған қаулымен бекітілген «Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын; аталған қаулымен бекітілген «Жұмыссыз азаматтарға анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|