Темекі өнімдерінің қалдықтары және (немесе) айналымы туралы декларацияны табыс ету қағидалары мен нысанын бекіту туралы
Осы редакция 2018 жылғы 9 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Темекi өнімдерінің өндiрiлуi мен айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңның 5-бабы 5-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Мыналар: 1) темекi өнімдерінің қалдықтары және (немесе) айналымы туралы декларацияны табыс ету қағидалары осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес; 2) темекi өнімдерінің қалдықтары және (немесе) айналымы туралы декларацияның нысаны осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес бекітілсiн. 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімдік баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қаржы министрiнің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 145 бұйрығына 1-қосымша
Темекі өнімдерінің қалдықтары және (немесе) айналымы қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қағидалар «Темекі өнімдерінің өндірілуі мен айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 12 маусымдағы Заңның 5-бабы 5-2) тармақшасына сәйкес әзірленді және темекі өнімдерінің қалдықтары және (немесе) айналымы туралы декларацияны (бұдан әрі - декларация) табыс етудің мерзімі және тәртібін айқындайды. 2. Декларация декларацияның өзінен (440.00-нысан) және қосымшалардан 1, 2, 3 (440.01, 440.02 және 440.03-нысандар) тұрады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|