Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кейбір өкімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы (2023.27.12. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбiр шешiмдерiне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кейбір өкімдеріне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар бекітілсін. 2. Қоса беріліп отырған өзгерістер мен толықтырулардың 2021 жылғы 18 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылатын 29-тармағын қоспағанда, осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үкiметiнің 2021 жылғы 18 наурыздағы № 145 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кейбір өкімдеріне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар
1. «Мемлекеттiк бюджеттiң есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер қызметкерлерiнiң, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының Қазақстан Республикасының шегiндегi қызметтiк iссапарлары туралы ереженi бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыркүйектегі № 1428 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 41, 461-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттiк бюджеттiң есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер қызметкерлерiнiң Қазақстан Республикасының шегiндегi қызметтiк iссапарлары туралы ережеде: 1, 2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «1. Қызметтiк iссапар (бұдан әрi - iссапар) қызметкердiң орталық мемлекеттік органның аппарат басшысының, ал мұндай болмаған жағдайда мемлекеттiк мекеме басшысының өкiмi бойынша еңбек мiндеттемелерiн өзiнiң тұрақты жұмыс орнынан тыс жерде орындау, сондай-ақ кәсiптiк деңгейi мен бiлiктілiгiн арттыру және қайта даярлану үшін белгiлі бiр мерзiмге сапары болып табылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|